Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Тәуелсіздік шежіресі

Дата: 14.12.2020 Категория: Новости Просмотры: 102
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы әлеуметтік желі оқырмандары назарына 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік шежіресі» атты әдебиеттер жиынтығынан тұратын слайд көрмені ұсынды. Мақсаты: Жастарға Қазақстан туралы, оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру, Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, көрсету, өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз ана тілін құрметтеуге шақыру сонымен қатар отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/873541593407435/

Абай афоризмдері

Дата: 10.12.2020 Категория: Новости Просмотры: 86
8 желтоқсан күні Өтенай ауылдық №5 кітапхана филилы Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының афоризмдерін әлеуметтік желі оқырмандарының назарына ұсынды. Мақсаты: Ұлы Абайдың ұлағатты сөздерін желі оқырмандарына насихаттау https://www.facebook.com/photo.php?fbid=869326350495626&set=a.110356533059282&type=3

Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті

Дата: 09.12.2020 Категория: Новости Просмотры: 63
9 желтоқсан-Жемқорлыққа қарсы халықаралық күрес күніне орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалы ұжымының ұйымдастыруымен 2020 жылы 9 желтоқсан күні әлеуметтік желі қолданушылардың назарына фейсбук, инстаграм, вконтакте парақшаларынан «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» атты шок-урок ұсынып отыомыз. Мақсаты: Барша әлеуметтік желі қолданушыларға сыбайлас жемқорлық туралы білімдерін тереңдету, Заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу, өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, патриоттық тәрбиеге баулу.

"Бата дарып,бақ қонсын"

Дата: 08.12.2020 Категория: Новости Просмотры: 100
Бата туралы ой - өрісін кеңейтіп, тақырып бойынша өз ойын жеткізе алуға дағдыландыру, сөйлеу тілін , сөздік қорын дамыту; жаман мен жақсыны ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға ,қазақ елін, оның салт - дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында желтоқсан айының 3-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Бата дарып, бақ қонсын» атты видеороликті оқырмандар назарына ұсынылды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/865466274214967/

Әл-Фараби афоризмдері

Дата: 03.12.2020 Категория: Новости Просмотры: 61
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы әлеуметтік желі қолданушы оқырмандар назарына әлемге әйгілі Шығыстың ғұлама ойшылы, философ, социолог, математик, физик, астролог, ботаник,лингвист, музыка теоретигі Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр Әл-Фарабидің қанатты сөздерін ұсынады. Адамның тоқымашы не хатшы болып тумайтыны тәрізді, қайырымдылық пен қайырымсыздық та жаратылыстан бойға өтпейді. Адамның тәндік жаратылысының дамуының негізгі көрсеткіші – денінің саулығы. Ізгі және қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болуы керек. https://www.facebook.com/photo.php?fbid=865970310831230&set=a.110356533059282&type=3
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ