Знаменательные даты

< Май / 2025 >
ПнВтСрЧтПтСбВс

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Ертегі сыр шертеді"

Дата: 22.01.2021 Категория: Новости Просмотры: 107
Кітап оқу арқылы оқырмандардың сөздік қорын, рухани байлығын, ой – өрісін дамыту. балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулу мақсатында қаңтар айының 18-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Ертегі сыр шертеді» атты кішкентай бүлдіршіндерге арналған кітап көрмелері ұйымдастырылды.

«Көшпенділер»

Дата: 18.01.2021 Категория: Новости Просмотры: 69
Қаңтар айының 12 - ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде әлеуметтік желі парақшаларында қазақтың белгілі жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына 45 жыл толуына орай онлайн ақпарат ұсынылды. Мақсаты: оқырмандарға тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп, ұлттық сананы қалыптастыру, адамгершілікке, сүйіспеншілікке баулу, азаматтық қасиеттер дарыту, еліне, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Ақпарат беру барысында кітапханашы М.Сапбек шығарманың әрбір бөлімдеріне жеке - жеке тоқталып өтті. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=892181871543407&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CJ7qXWJn2HR/?igshid=sn1xkll4dxmj

«Су моншақ»

Дата: 18.01.2021 Категория: Новости Просмотры: 69
Қаңтар айының 11 - ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен әлеуметтік желі парақшаларында «Су моншақ» онлайн шебер қолдар сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=891504314944496&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CJ5CZSBHS7-/?igshid=ol34zjs3j8ms

"Капризка"

Дата: 15.01.2021 Категория: Новости Просмотры: 71
Оқушылардың бойына рухани – адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан , қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етушығармашылық қабілеттерін жетілдіру, әсемдікке баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, мақсатында қаңтардың 14-ші қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Ертегіші» клубының ұйымдастыруымен оқырмандардың назарына «Капризка » қойылымын онлайн ұсынды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/893364264758501/ https://www.instagram.com/tv/CKAmfwDHvcY/?igshid=95w8e8uof3qs

«Кітапхана - ғажайып қазына»

Дата: 08.01.2021 Категория: Новости Просмотры: 115
Қаңтар айының 6-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі әлеуметтік желі парақшаларында «Кітапхана - ғажайып қазына» атты слайд шоу ұйымдастырды. Мақсаты: білім көзі болып табылатын кітаптар тұрағы, рухани байлық ордасы - кітапхана туралы мәлімет беру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=888429941918600&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CJsD7eDnEvO/?igshid=1jsnoi17ieb4o
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ