Знаменательные даты

< Апрель / 2025 >
ПнВтСрЧтПтСбВс

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Колобок»

Дата: 04.02.2021 Категория: Новости Просмотры: 61
Қаңтар айының 28-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі фейсбук, инстаграм парақшасында «Ертегіші» клубының мүшелері «Колобок» ертегісін онлайн ұсынды. Мақсаты: оқырмандарға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән-мағынасын ашу, халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=901523587275902&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CKkdQTdHMcD/?igshid=1djvosjaicq6z

«Жүз жасаған ақын»

Дата: 04.02.2021 Категория: Новости Просмотры: 118
Қаңтар айының 27-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен әлеуметтік желі парақшаларында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жүз жасаған ақын» атты бейнеролик ұсынды. Мақсаты: оқырмандарға жыр алыбы Жамбыл ақынның өмірі мен шығармашылығын меңгерте отырып, ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге тәрбиелеу. Ақын өлеңдерін талдай отырып, оқушылардың дүниетанымы мен ой өрісін дамыта отырып, Жамбыл шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, өнер сүюге баулу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=900947714000156&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CKiHxFWn57X/?igshid=12o8jwftqckcg

Мұқағали-жыр мен ән қанатында

Дата: 03.02.2021 Категория: Новости Просмотры: 74
2021 жылдың 03 ақпанында В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы «Жыр жұлдыздары» клубының қатысуымен қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына «Мұқағали-жыр мен ән қанатында» атты поэзия сағатын өткізді. Мақсаты: Мұзбалақ ақын Мұқағалидың өмір жолын бүгінгі ұрпаққа жеткізе отырып, шығармаларын дәріптеу,ақынның өлеңдерін бүгінгі жастардың жантая жатып оқитын кітабына айналдыруға себеп болу. Шара барысында клуб мүшелері ақынның шығармашылығынан өлеңдерін оқыды. Кітапхана қызметкерлері ақынның өмірінен сыр шертіп, слайд-шоу көрсетті.

Күй анасы-Дина Нұрпейісова

Дата: 31.01.2021 Категория: Новости Просмотры: 164
2021 жылы 27 қаңтар күні 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын иесі Дина Кенжеқызы Нұрпейісова әжеміздің туғанына 160 жыл толуына орай «Күй анасы-Дина Нұрпейісова» атты слайдты фейсбук, инстаграм, вк парақшаларынан әлеуметтік желі қолданушылар назарына ұсынып отырмыз. Мақсаты: Күйші Дина Нұрпейісова әжеміздің өмірбаяны, күйлерінің шығу тарихымен таныстыру, ұлттық өнердің құндылығын насихаттау, жас тұлғаның күй ойнау шеберлігін арттырып, есте сақтау қабілетін және сауаттылығын жетілдіру дамыту, күйлері арқылы оның тәрбиелік маңызынжеткізу, дүниетанымын кеңейту. Өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу.

Қашықтан оқу

Дата: 31.01.2021 Категория: Новости Просмотры: 95
Қазақ поэзиясында үлкен қолтаңба қалдырған, Жетісудың лирк ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылы 06 қаңтар күні әлеуметтік желі қолданушылардың назарына фейсбук, инстаграм, вконтакте парақшаларынан №28 ІТ мектебінің оқушысы Бердімұрат Баянсұлу Мұқағали Мақатаевтың «Қыс келген күні» өлеңін қашықтан оқуды бастады. Мақсаты: Ақынның өмірі, шығармашылығыментаныстыру,поэзиясы менәндері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ