Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Көшпенділер»

Дата: 18.01.2021 Категория: Новости Просмотры: 65
Қаңтар айының 12 - ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде әлеуметтік желі парақшаларында қазақтың белгілі жазушысы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына 45 жыл толуына орай онлайн ақпарат ұсынылды. Мақсаты: оқырмандарға тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп, ұлттық сананы қалыптастыру, адамгершілікке, сүйіспеншілікке баулу, азаматтық қасиеттер дарыту, еліне, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Ақпарат беру барысында кітапханашы М.Сапбек шығарманың әрбір бөлімдеріне жеке - жеке тоқталып өтті. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=892181871543407&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CJ7qXWJn2HR/?igshid=sn1xkll4dxmj

«Су моншақ»

Дата: 18.01.2021 Категория: Новости Просмотры: 64
Қаңтар айының 11 - ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен әлеуметтік желі парақшаларында «Су моншақ» онлайн шебер қолдар сабағы өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың моншақ тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=891504314944496&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CJ5CZSBHS7-/?igshid=ol34zjs3j8ms

"Капризка"

Дата: 15.01.2021 Категория: Новости Просмотры: 68
Оқушылардың бойына рухани – адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан , қайырымды адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал етушығармашылық қабілеттерін жетілдіру, әсемдікке баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, мақсатында қаңтардың 14-ші қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Ертегіші» клубының ұйымдастыруымен оқырмандардың назарына «Капризка » қойылымын онлайн ұсынды. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/893364264758501/ https://www.instagram.com/tv/CKAmfwDHvcY/?igshid=95w8e8uof3qs

«Кітапхана - ғажайып қазына»

Дата: 08.01.2021 Категория: Новости Просмотры: 112
Қаңтар айының 6-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі әлеуметтік желі парақшаларында «Кітапхана - ғажайып қазына» атты слайд шоу ұйымдастырды. Мақсаты: білім көзі болып табылатын кітаптар тұрағы, рухани байлық ордасы - кітапхана туралы мәлімет беру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=888429941918600&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CJsD7eDnEvO/?igshid=1jsnoi17ieb4o

«Бөбекке сөз»

Дата: 08.01.2021 Категория: Новости Просмотры: 85
Қаңтар айының 5-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі әлеуметтік желі парақшаларында ақын, жазушы, драматург, Әдібай Табылдының 95 жылдығына орай «Бөбекке сөз» атты онлайн ақпарат ұйымдастырды. Мақсаты: Ә.Табылдының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат бере отырып, қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, оның өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға деген құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту. Кітапханашы Д.Ускенбаева жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы толық мәлімет беріп өтті. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=887848375310090&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CJpkv_NnEOz/?igshid=f473lxdrw2y0
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ