Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Қан мен тердің атасы"

Дата: 17.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 28
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында17 қазан күні сағат 11-00 де қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері және аудармашы, қазақ әдебиетінің классигі Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туғанына 100 жыл толуына орай«Қан мен тердің атасы»атты әдеби сағат кітапхана оқырмандарымен өтті. Шараға 22 адам қатысты. Мақсаты:Жазушының шығармаларын таныстыру, жастардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.

«Бояулар құпиясы» атты еркін тақырыпта сурет салу.

Дата: 17.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 29
2024 жылдың 17 қараша күні сағат 10.10 - да 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалындағы «Мерей» қолөнер клубының мүшелерінің қатысуымен «Бояулар құпиясы» атты еркін тақырыпта сурет салу. сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды сурет салуға бейімдеу, логикалық ойлау, еске түсіру қабілеттерін арттыру, өнерге баулу, шығармашылыққа тәрбиелеу. Қатысқан адам саны – 5. https://www.instagram.com/p/DBNrWJOi9sN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

«Ұлт мақтанышы – Әлкей Марғұлан» атты тарихи сағат

Дата: 17.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 31
Қалалық орталық балалар кітапханасында 2024 жылдың 17 қазан күні Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толуына орай «Ұлт мақтанышы – Әлкей Марғұлан» атты тарихи сағат өткізілді. Шара мақсаты: тарихшының өмір жолынан мәлімет беру, жасаған ерліктерін насихаттау, оқушыларды патриоттық тәрбиеге баулу, археологтың жүріп өткен жолдарын таныстыру, археологиялық олжаларын оқушыларға жеткізу, ізденімпаздылыққа баулу, елін, жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Шахмат клубы. Ферзі.

Дата: 16.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 29
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 16 қазан күні сағат 15-30-далогикалық ойларының қалыптасуына бағытталған «Ферзі гамбиті» тақырыбында«Жас шахматшы»клубының мүшелері жиналып шахмат ойынын ойнады. Мақсаты:Шахмат ойыны арқылы жастарға үлкен ауқымды ақпараттарды тез қабылдап, сараптап, логикалық қорытындылар жасай білуге баулу. https://www.instagram.com/taldykorgan_kitaphana/p/DBLt7iSIjZs/

«Сәндік қолданбалы- өнер» атты қағаздан гүл жасау сағаты өтті.

Дата: 16.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 26
2024 жылдың 16 қазан күні Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында «Жауқазын» клубының мүшесі Амантай Саадатпен «Сәндік қолданбалы- өнер» атты қағаздан гүл жасау сағаты өтті. Мақсаты: Клуб мүшелерінің ұшқырлығын және білімдерін жетілдіру, жасалу жолдарын үйрету, еңбек сүйігіштікке баулу. https://www.instagram.com/p/DBLwpvlNMvi/?igsh=bzZoa3RrdXJ2a2M5
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ