Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» атты өлеңіне байланысты бейнеролик.

Дата: 05.02.2021 Категория: Новости Просмотры: 58
2021 жылғы 20 қаңтар күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы Ахмет Байтұрсынұлының «Маса» атты өлеңіне байланысты бейнероликті оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты:Қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім-тәрбиелік ойларының негізінде жастар мен жас ұрпақтардың бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту, ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/897072001054394/

Салауаттану болашағыңды сәулелендіру

Дата: 05.02.2021 Категория: Новости Просмотры: 84
2021 жылғы 11 қаңтар күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Салауаттану болашағыңды сәулелендіру» атты бейнеролигін оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Балаларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, дұрыс тамақтану ережесін, тамақтану мәдениетін сақтауға, денсаулыққа қауіпті әдеттерден аулақ болуға үйрету, жеке бас гигиенасы мен қоғамдық гигиена туралы ұғымдарын кеңейту, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру, олардың сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болуы үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуының қажет екендігінің маңызын түсіндіру, салауаттану – адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын үйрету, темекінің зиянды жақтарына тоқталу, темекі сияқты зиянды заттардан аулақ ұстауға үгіттеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/891802741581320/

Бағдаршам

Дата: 05.02.2021 Категория: Новости Просмотры: 91
2021 жылғы 5 қаңтар күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Бағдаршам» атты бейнеролигін жасөспірімдер мен жас буын жеткіншектердің назарына ұсынды. Мақсаты: Балаларды жолда жүру ережелерін есте сақтауға, жол белгілерінің неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамнаң, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу, жолда жүру ережесіне сәйке бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру, балаларды жолда жүру ережесін мұқият сақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту, баланы зейінді, епті болуға тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/888556688572592/

Күнтізбе беттерінен

Дата: 04.02.2021 Категория: Новости Просмотры: 63
Құрметті оқырмандар! Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы «Күнтізбе беттерінен» атты кітап көрмесіне арналған библиографиялық шолуды назарларыңызға ұсынады.

Жамбыл Жабаевтың нақыл сөздері

Дата: 04.02.2021 Категория: Новости Просмотры: 81
4 ақпан күні Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы қазақ поэзиясының алыбы, ұлы жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ақынның нақыл сөздерін әлеуметтік желі оқырмандарының назарына ұсынды. Мақсаты: Оқырмандардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе білуге үйрету. Жаманның көңілі көкте, жерде басы, Алыс қой аңғарғанға екі арасы. Жақсының өзі кішік, ойы биік, Бірдей ме екеуінің мәртебесі?
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ