Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Менің отбасылық кітапханам»

Дата: 19.02.2021 Категория: Новости Просмотры: 75
Отбасылықоқумәдениеті - білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, адам өміріндегі маңызы мен пайдасын түсіндіру. Осы орайда ата-ана баланың кітап оқуына ықпал жасай отырып, әдеби кітап оқуға деген ынтасын жетілдіру мақсатында ақпан айының 11 - ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі «Менің отбасылық кітапханам» атты кітап көрмесіне онлайн бейнеошолу ұсынды. Бейнешолу барысында кітапханашы Л.Дайрабаева ата-анамен бірге оқыған ертегілер , аңыздар баланың сөйлеу мәдениетін дамыта отырып, ой-өрісін кеңейтетінін, кітап оқу барысында баламен жақын сөйлесіп, оған өмір бойы азық болатын рухани өшпес із қалдыратынын айтып өтті. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=909414623153465&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CLIhJTYn1j6/?igshid=12sdelku29a10

«Имандылық жүрекке ұяласа»

Дата: 19.02.2021 Категория: Новости Просмотры: 79
Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі ақпан айының 10 - шы жұлдызында әлеуметтік желі парақшаларында «Имандылық жүрекке ұяласа» атты слайд шоу ұсынылды. Мақсаты: Оқушыларға діни тәрбие берумен қатар дінді уағыздау арқылы балаларды тазалыққа, имандылыққа тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=908886179872976&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CLGMqCdnVIk/?igshid=8j035dut6ons

«Жырлайды жүрек»

Дата: 19.02.2021 Категория: Новости Просмотры: 68
Ақпан айының 8 - ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен қазақтың лирик ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл толуына орай әлеуметтік желі парақшаларында оқырмандармен «Жырлайды жүрек» атты онлайн мәнерлеп оқу ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандарды ақиық ақынМұқағалиМақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныту, поэзияға деген қызығушылығын арттыра отырып, ақын өлеңдерінің тәрбиелік мәнін түсіндіру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=907515096676751&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CK_2SIDnD3O/?igshid=169elpkq1yxmd

«Латын әліпбиіне көшу-рухани жаңғыру талабы»

Дата: 18.02.2021 Категория: Новости Просмотры: 68
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы 18 ақпан күні «Латын әліпбиіне көшу-рухани жаңғыру талабы» атты тақырыпта №21 мектептің 9 сынып оқушыларымен оффлайн түрінде шара өткізілді. Шара барысын да оқушылармен қоғамдаңы ең өзекті бастамаларының бірі — қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі туралы айтылды. Қазақ тілінің жаңа әліпбиі — лингвистер арасында қызу пікірталасқа толы болып ең соңында латын әліпбиінің соңғы үлгісі тағайындаланы туралы айтылды. Жаңа әліпбиге кезең-кезеңімен көшу 2023 жылдан бастап 2031 жыл аралығында жоспарланып отырғаны айтылды.. Мақсаты:Латын әліпбиіне көшу – заман талабынан туындап отырған қажеттілік екенін жәнелатын әліпбиіне көшудің маңыздылығы жайлы жан-жақты мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда жаңа қазақстандық патриотизмнің құндылықтары мен мұраттарын түсінетін патриот ұрпақ тәрбиелеу. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=913929109368683&id=100022548073225&__cft__[0]=AZU-V1WMPezFtcXdO...

Жан жарасына айналған Ауғанстан

Дата: 17.02.2021 Категория: Новости Просмотры: 81
2021 жылғы 12 ақпан күні Учхоз(ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Жан жарасына айналған Ауғанстан» атты слайдты оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: оқырмандардың Отанға деген патриоттық суйіспеншілігін қалыптастыру,туған жерін, елін шексіз сүюге қалыптастыру, Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отан сүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету,келешекке деген жауапкершілігін,ой өрісінің дамуын қалыптастыру. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=910006889760905&id=100022548073225&__cft__[0]=AZW2_AxRNLctcQushqS5kcGC6mLWC1lYgzRpcuEldjyhoOzCCQQ0M7qkyRxjFRWUZww_54RosUqUiowtxTfxvNnOwH-xKPPI4Knl0dYjZt3ioteEW5SAF7ETrTNvJY4iEdm_bgdom-g9kEHuVvOUt4IF&__tn__=%2CO%2CP-R
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ