Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Жыр жұлдызы-Мұқағали"

Дата: 03.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 58
Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында 2021 жыл 9 ақпан күніне орай «Жыр жұлдызы-Мұқағали» қашықтан өлеңдерін мәнерлеп оқуды Темірбек Жаниза «Арнау» және Темірбек Айару «Ғашықпын» атты тақырыбында оқып әлеуметтік желілерге оқырмандар назарларына ұсынады. Мақсаты: Ғасырлар тоғысында ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкір жүрегіне ұялату,сол арқылы олардың бойында поэзия әлеміне,жалпы сөз өнеріне деген сүйіспеншілікті берік қалыптастыру.Оқушының сөз мәдениеті дұрыс меңгергіп,жырларды мәнерлеп оқуға,өлеңді өміріне серік еткен ақынға еліктеп ақынжанды болып өсуіне кең жол ашу,рухани танымын кеңейту.Туған халқының талантты ақынына,әдебиетіне,туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып,адамгершілікке тәрбиелеу.

"Мемлекеттік тіл-ұлттық қазына"

Дата: 03.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 70
2021 жыл 26 қаңтар күніне орай Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында «Мемлекеттік тіл – ұлттық қазына» атты видео шоу назарларыңызға ұсынады. Мақсаты: Оқырмандарды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Жыр алыбы Жамбыл

Дата: 02.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 68
2021 жылы 3 ақпан күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы ХХ ғасырдың Гомері атанған жүз жыл жырлаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жыр алыбы Жамбыл» атты слайдты әлеуметтік желі оқырмандарына насихаттады.Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың әділетті, бостандықты жыр еткен көркем де, қуатты поэзиясын насихаттай отырып, сөз өнерін қадіреп қастерлей білуге дағдыландыру. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/905025336925727/

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін

Дата: 02.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 51
2021 жылы 11 ақпан күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты ақпаратты әлеуметтік желі оқырмандарына насихаттады.Мақсаты: Артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттай отырып, ақиық ақынның талантын жас ұрпақтың жүрегіне ұялату, сол арқылы поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, көркем де, қуатты поэзиясын насихаттау. Ақынның өлеңдері мен әндері арқылы Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үгі алу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/909018126526448/

Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы

Дата: 02.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 67
2021 жылы 18 ақпан күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы ХХ ғасырдың Гомері атанған жүз жыл жырлаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Өлең сөздің даңғылы, бар қазақтың Жамбылы» атты ақпараттық видеоны әлеуметтік желі оқырмандарының назарына ұсынды.Мақсаты: Жас ұрпақтың бойына жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың әділетті, бостандықты жыр еткен көркем де, қуатты поэзиясын насихаттай отырып, сөз өнерін қадіреп қастерлей білуге дағдыландыру. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/913542909407303/
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ