Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Сәлем саған алтын күз!» атты көрме инсталляция

Дата: 18.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 37
2024 жылдың 18 қазан күні қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Сәлем саған алтын күз!» атты көрме инсталляцияға шолу ұйымдастырылды. Мақсаты: Жас ұрпаққа қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүйюге, сақтауға үйрету.

«Нашақорлық – болашағына жасалған қастандық» ток - шоу

Дата: 18.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 29
2024 жылдың қазан айының 18 күні сағат 11:00 де қалалық № 2 кітапхана филиалы М. Ломоносов атындағы № 5 орта мектеп – лицейінің 5 «б» сынып оқушыларымен «Нашақорлық – болашағына жасалған қастандық» тақырыбында ток - шоу өткізді. Мақсаты: өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, есірткінің адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Шараға 28 оқырман қатысты. https://www.facebook.com/share/p/usNvhcP9AwvidGV4/ https://www.instagram.com/p/DBqzy6zo_36/?igsh=MXhlc2lxcjYxeGp1Yw== https://vk.com/wall452366377_3549

"Әжемнің ертегісі" ертегі тыңдау

Дата: 18.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 25
2024 жылдың 18 қазан күні "Әжемнің ертегісі" жобасы аясында "Ертегілер елінде" сериясымен шыққан "Үш күшік" ертегісін Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалының тұрақты оқырманы Дәрияш әже ұсынады. Бұл ертегіде кішкентай үш күшіктің есейіп, үйшіктеріне симай қалғандары, ұяластардың үй соғудағы хикаялары, озбыр қасқырдың арам ойының іске аспай қалғандығы туралы айтылады.

"Славиян қорғанысы"

Дата: 18.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 28
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 18 қазан күні сағат 11:00 де логикалық ойларының қалыптасуына бағытталған «Славиян қорғанысы» тақырыбында «Жас шахматшы» клубының мүшелері жиналып шахмат ойынын ойнады. Мақсаты: Шахмат ойыны арқылы ақыл-ойын, математикалық қабілетін дамыту, логикалық қорытындылар жасай білуге баулу. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid028fPB8vSJCKcxegM78R4HAu5Kh28bNMUuvtDJ46ZbuCMKniEXkUZiEugkHTQu2J2Zl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZW4n9d_0u1ckfLTuvA1vHr_bhSmagOlzu5ZA18CoqbWDjAJ35TGXvXGSl4Q4vGIYyXuLtF7R0GOnNYInrb-Qb4SyzU_97llZpa1VWsJ3KSAhA&__tn__=%2CO%2CP-R

«Бердібек – қазақтың дара жазушысы» «әдеби сандық» ойыны

Дата: 17.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 33
2024 жылдың қазан айының 17 күні сағат 14:00 де қалалық № 2 кітапхана филиалы Б. Сырттанұлы атындағы № 25 орта мектебінің 7 «а» сынып оқушыларымен қазақ балалар жазушысы Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Бердібек – қазақтың дара жазушысы» тақырыбында «әдеби сандық» ойының өткізді. Мақсаты: оқырмандарға қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту, елжандылыққа тәрбиелеу. Шараға 16 оқырман қатысты. https://www.facebook.com/share/p/HGJ4242dKEUheyRH/ https://www.instagram.com/p/DBOMUytowWM/?igsh=MTM3a3B1amI1b20= https://vk.com/wall452366377_3535
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ