Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Наурыз – ырыс, ынтымақ»

Дата: 26.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 58
19 Наурыз күні кітапханада«Наурыз – ырыс, ынтымақ»атты әдеби сағат өтті. Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы жастарға қазақ халқының салт - дәстүрін насихаттау және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында Ұлыстың ұлы күні - ата - баба сөзімен айтқанда ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы - бұл көктем мен еңбектің мерекесі, күн мен түн теңесетін уақыт екені айтылды. Шараға қатысқан Қыдыр ата: бұл мейрам 22 наурыздан 19 сәуірге дейін тойланатын ұзақ мереке. Осы жылы келген «Ұлыстың ұлы күні» құтты болып, жаманшылық атаулы жерге енсін, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын деген ізгі тілегін айтып, батасын берді. Сонымен қатар жастарға ұлымыздың бұрыннан келе жатқан салт-дәстүрлер жәйлі мағлұмат берілді. Шара ән-бимен жалғасын тапты.

"Анамның ақ жаулығы"

Дата: 17.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 68
Наурыз айының 5-ші жұлдызында Орталық қалалық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай ананың құрметіне арналған «Анамның ақ жаулығы» атты бейнеролик ұйымдастырылды. Кішкентай бүлдіршіндер аналарға ыстық сезімдері мен алғыстар білдіріп аналарға арналған «Рахмет, саған Анашым» өлең шумақтарын оқып берді Мақсаты: Ана мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру, жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту және баланың анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп, сыйлай білуге үйрету, адамкершіліке, ізгіліке тәрбиелеу. Қаралымы45 пікір 15 https://www.facebook.com/100022548073225/videos/922625128499081/

Сыйынар ем, ана деген тәңірге

Дата: 12.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 68
2021 жылғы 05 наурыз күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Сыйынар ем, ана деген тәңірге» атты жыр поэзиясын оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Жасөспірімдерге әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы түсінік беру. Мейірімділікке, сый – құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру. Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, жас буындардың бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/922430565185204/

Қағаздан гүл жасау

Дата: 12.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 109
#bizbirgemiz #onlinekitaphana Құрметті оқырмандар! Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту мақсатында Талдықорған қалалық 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының жанынан құрылған «Мерей» - қолөнер клубының жұмыс істейді. Оқушылар бос уақытын тиімді пайдаланып, өз қолдарымен қағаздан гүл және тағы басқа бүйымдар жасауды үйренді. «Мерей» - қолөнер клубының оқушылар түрлі- түсті қағаздан гүл жасап үйренді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=925310031563924&id=100022548073225

Алғыс айту – парызымыз!

Дата: 12.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 57
2015 жылдың 14 қаңтар күні Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні - 1 наурызды Алғыс айту күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Яғни, осы жарлыққа сәйкес көктемнің алғашқы күнінде Қазақстан халқы Алғыс айту күнін атап өтуде. Алғыс айту күні – ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Осы мерекеге орай 2021 жылы 01 наурыз күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалында«Алғыс айту – парызымыз!»деген тақырыпта бейнеролик әлеуметтік желідегі оқырмандардың назарына ұсынылды.Мақсаты –оқырмандарға ата-анаға, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынастарын дамыту. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір – бірімен үйлесімді қарым – қатынас жасай білуге үйрету. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=920249215403339&am...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ