Жамбыл мұрасы-халық қазынасы
Дата: 29.03.2021
Категория: Новости
Просмотры: 124
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 29 наурыз күні жасы жүзге жеткенше жүрегінен жыр саулаған ұлтымыздың ұлы жырауы, қазақ жырының дарабозы, ғасырға жуық ғұмыр кешкен, қазақ мәдениеті, әдебиетіне өлшеусіз мол мұра, сарқылмас қазына қалдырған, қазақ атын әлемге танытып, өнерін өрге сүйреген ұлы ақынымыз Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жамбыл мұрасы-халық қазынасы» атты поэтикалық марафон болып өтті. Шараға кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында оқушылар ақынның өлеңдерңін жатқа айтып, жыр алыбының өмірі мен шығармашылығынан мол мағлұмат алды.
Мақсаты: Жыр алыбы Жамбыл атамыздың таңдамалы туындылары насихаттау, өлеңдерін мәнерлеп оқып оқырман назарына ұсыну.