Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Қош келдің, Наурыз

Дата: 01.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 57
Наурыз- ән-күй, би, достық, ынтымақ мерекесі. Бұл күндері адамдар біріне-бірі қошемет көрсетіп, тартуын тартады. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің,татулықтың, еңбектің, көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланады. Осы Ұлыстың ұлы күніне арнап Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында 2021 жылдың 19 наурыз күні «Қош келдің, Наурыз» атты поэзия кеші өткізілді. Шараға №23 мектептің оқушылары, жастар қатысты. Кітапханашы Ж. Темірбекова Наурыз мейрамының шығу тарихына тоқталып өтті. Шара ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқырмандардың бойына сіңіру мақсатында өткізіліп, Наурыз, көктем, Отан, Туған жер туралы өлеңдер оқылып, әндер шырқалды.

Тазалық –денсаулық кепілі

Дата: 01.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 64
Көктемгі тазалық жұмысын Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалымен Мәдениет үйі бірлесіп 2021 жылы 15 наурыз күні «Тазалық –денсаулық кепілі» атты тазалык күні өтті. Мәдениет үйі мен бірлесіп отырып ауланы қысқы қоқыстан тазарттык. Мақсаты: Көктемгі Наурыз мерекесі қарсаңында коршаған ортаны күл-қоқыстан тазалау, өз денсаулығымызды сақтау, қоршаған ортаны таза ұстау.

Өнерлі қыз,өнегелі ана

Дата: 01.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 69
Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында 5 наурыз күні «Өнерлі қыз,өнегелі ана» атты видеоролик ұсынады. Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер ұстаз-аналар мен ару қыздарды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу. Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Оқырмандардын бойында ізгілік, инабатгылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.Ұстаз-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету мақсатында өткізілді.

«Кел балалар оқылық»

Дата: 30.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 68
Наурыз айының 17-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасы «Алматы облысы Білім басқармасы» Мемлекеттік мекемесі Талдықорған қаласының есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп –интернатының 5-6 сынып оқушыларыменқазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткеріЫбырайАлтынсариннің 180 жылдығына орай «Кел балалар оқылық» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды. Мақсаты: Ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің өмірбаянымен, әдеби, педагогикалық шығармашылығымен таныстыру. Оқушылардың жазушы, ұстаз туралы түсініктерін кеңейту. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=930765161018411&id=100022548073225 https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=930722987689295&id=100022548073225

«Газет, журналдың пайдасы»

Дата: 30.03.2021 Категория: Новости Просмотры: 85
Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі наурыз айының 15-ші жұлдызындаәлеуметтік желі парақшаларында «Газет, журналдың пайдасы» атты онлайн библиографиялық сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты: Газет пен журналдың ерекшеліктері туралы түсіндіру. Газет - журналдар туралы білімдерін кеңейтіп, қазақ тіліндегі газет - журналдармен таныстыру. Елжандылық пен патриотизмге тәрбиелеу, мамандық таңдауға бағдар беру. Онлайн сабақ барысында кітапханашы Г.Майлянова оқушыларға газет пен журналдың шығу тарихымен таныстырып, газет пен журналдың ерекшелігі туралы кеңінен түсіндірді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=929087261186201&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CMa_xGRHn3f/?igshid=m0qhgnbu8hi
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ