Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Жекпе-жек"

Дата: 05.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 48
https://www.facebook.com/100022548073225/videos/938422076919386/ Наурыз айының 30-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі оқырмандардың назарына балалар жазушысы Б. Соқпақбаевтің «Жекпе-жек» повесі бойынша әдебиеттік оқудан жылдам оқу жарысын ұйымдастырып ,онлайн ұсынды. Жарысқа 10 оқушы қатысып,солардың ішінен Жөкен Айсері үздік атанса, екінші орынды Меди Елас пен Қанатқызы Қарақат иеленді, ал үшінші орынды Аманжол Нуриддин алды. Мақсаты: оқу дағдысы мен оқу жылдамдығын жетілдіру, оқыған текстілерінің мазмұнын дұрыс түсініп, қабылдау. оқушының оқу жылдамдығын арттырып, оқуға деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Оқу процесі кезінде зейін қоюды және берілген материалды есте сақтауды дамыту.

Адамгершілік асыл мұрат

Дата: 05.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 55
2021 жылы 12 наурыз күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Жүрек жылуы» жобасы аясында, мүмкіндігі шектеулі жандарға орай «Адамгершілік асыл мұрат» атты строителлинг 2-топ мүгедегі Мырзакулова Узипа Дүйсенбіқызымен өтті. Әңгіме өрбу барысында әдептілік адамгершіліктің асыл қасиеті екені туралы пікірлесіп, өз ойын ортаға салды. Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады. Біз жастарға және жасөспірімдерге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үйрету керекпіз. Сонда ғана адам болатын адамгершілігі бар бала – барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады. Үлкендерді сыйлау, ізет көрсету адмгершіліктің белгісі болып табылады. Осындай тәлім-тәрбиелік шараларыңыз көп болсын деп тілегін білдірді. Әңгіме соңында Узипа Дүйсенбіқызы кітапхана тарапынан кітап әкеп, көңіл бөлгендеріңізге рахмет деп ризашылығын білдірді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мүмкінд...

"Ойлайық та,ойнайық

Дата: 05.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 61
Наурыз айының 19-шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі наурыз мерекесіне орай оқырмандардың назарына «Ойлайық та,ойнайық» атты видеоролик ұйымдастырып ,онлайн ұсынды. Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйін ширатып, белсенділігін арттыру Өзара және оқытушымен қарым – қатынасты нығайту . Алған білімдерін қолдана білуге үйрету. Логикалық ойлау қабілетін, тіл байлығын, ойын арқылы дамыту.Достыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/932055244222736/

Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы

Дата: 03.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 80
#bizbirgemiz #onlinekitaphana Құрметті оқырмандар! Ұлтымыздың және күллі түркі әлемінің тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі, «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының негізін қалаушы әрі көсемі, саяси қайраткер Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2021 жылы 24 наурыз күні «Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы» тарихи куриз өтті. Іс-шара барысында Әлихан Бө­кейхановтың азаматтық ұстанымы мен өмірлік мақсаты тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру болғандығына тоқталды. Мақсаты: Оқушыларға Ә.Бөкейхановтың өнегелі өмір жолы, халқына, ұрпағына қалдырған мол мұрасы, халқын теңдікке жеткізу жолындағы атқарған қызметі жөнінде білімдерін кеңейту, оқушыларды ұлтжандылық, отаншылдық рухта тәрбиелеуге ықпал жасай отырып, халық арасынан шыққан ұлы тұлғаларды қадірлей білуге үйрету. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=936167777144816&id=100022548073225

Ұмыт болып бара жатқан қазақ салт-дәстүрлері

Дата: 03.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 88
#bizbirgemiz #onlinekitaphana Құрметті оқырмандар! Талдықорған қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында қашықтан түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады. Соның бірі- ақын, журналист, өлкетанушы, Алматы облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі Андас Қажет мырзамен онлайн жүздесу. 2021 жылы 25 наурыз күні сағат 11-00-де фейсбук парақшасы арқылы ұмытылып бара жатқан дәстүрлерді қайта жаңғырту, халық арасында дәріптеу мақсатында «Ұмыт болып бара жатқан қазақ салт-дәстүрлері» тақырыбында онлайн жүздесу өтті. Ең алдымен ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті-Наурыз мерекесі елімізге әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!,-деп ақ тілектен бастады. Бәрімізге белгілі дүниеде негізгі мемлекет құрудың және оны басқарудың тарихтан белгілі екі түрлі жолы болып келген. Біреуі заң арқылы, енді біреуі салт-дәстүр арқы...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ