Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Мамандықтың бәрі қызықты»

Дата: 09.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 62
Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі сәуір айының 7 – ші жұлдызында әлеуметтік желі парақшаларында «Мамандықтың бәрі қызықты» атты онлайн библиографиялық сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты: оқырмандардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Онлайн сабақ барысында кітапханашы Г.Майлянова оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, мамандық таңдау білуге, әр мамандықтың ерекшелігі туралы кеңінен түсіндірді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=943459049749022&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CNWcnI-nfoC/?igshid=7f1vu7vonqut

"Ғарыш қыраны"

Дата: 09.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 67
12 –ші сәуір ғарышкерлер күніне орай, тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің 75жасына байланысты қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі «Ғарыш қыраны » атты видеоролик ұйымдастырылды. Мақсаты:Жас өркеннің бойында Отансүйгіштік, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру; Білімге, ғылымға ұмтылдыру; ғарыш әлемі туралы білімдерін молайту, қазақтың ғарышкерінің өмірбаянымен таныстыру. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/944033443024916/

Ескерткіштер - ел тарихы

Дата: 08.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 75
2021 жылғы 8 сәуір күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Ескерткіштер – ел тарихы» атты бейнеролигін оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты–Отансүйгіштікке, патриоттыққа, туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жастарымызды және жаксөспірімдерімізді ескерткіштерді қастерлі, қасиетті мұра ретінде, оны дәріптеуге, бағалауға тәрбиелеу, асыл қазынамыздың қасиетін ұрпағымызға ұғындырсақ, еліміздің ертеңі, қонар тұғыры биік болатыны айқын. Ежелгі тарихи ескерткіштерді, киелі орындарды білу арқылы тарихи таным қалыптасады. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/944132149681712/

"Өлке тарихшысы"

Дата: 08.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 46
Құрметті оқырман қауым! Сіздердің назарларыңызға жазушы Тәңірберген Қалилахановтың туғанына 105 жыл толуына орай «Өлке тарихшысы» атты библиографиялық шолуды ұсынамыз.https://www.facebook.com/100022548073225/videos/944235866338007/

Тарихи мұраны сақтау-біздің борышымыз

Дата: 08.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 103
#bizbirgemiz #onlinekitaphana Құрметті оқырмандар! Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Тарихи мұраны сақтау-біздің борышымыз» атты строителлинг өтті. Мақсат: Тарихи өлкеміздің рухани және құнды мұраларын көздің қарашығындай сақтау, жастардың Отанға, елге, жерге деген патриоттық сезімін арттыру, ескерткіштер мен тарихи жәдігерлерді сақтауға үйрету. Іс-шара барысында кітапханашы К.Табылдинова кітапхана оқырмандарына әлемде Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бері сәуір айының 18-інде атап өтіледі. Бұл күнді 1983 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен болатын. Бүгінгі таңда осы ұйымның қатарында әлемнің 175 мемлекеті бар. Дүниежүзінің 122 еліндегі 754 тарихи құндылық ЮНЕСКО тізіміне енгізілген. 2003 жылы осы тізімге еліміздегі «Әзірет Сұлтан» тарихи-архитектура...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ