Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы

Дата: 22.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 17
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 22 қазан күні «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, ЮНЕСКО-ның есте қалатын атаулы күндер күнтізбесіне 100 жылдық мерейтойы енгізілген Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларына ой-толғау өткізілді. Мақсаты: Қазақ балалар жазушысы, ақын, сценарист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын кеңінен насихаттау.

«Жарқын бейне» еске алу сағаты

Дата: 22.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 27
Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында 2024 жылдың 22 қазанында сағат 10:00 № 11 мектептің оқушыларымен ақын, жазушы-публицист,рәмізтанушы, мемлекет және қоғам қайраткері,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері,М. Дулатұлыатындағы сыйлықтың лауреаты,Қазақстан Республикасындағыалғашқыбаспасөзқызметін ұйымдастырушыларының бірі. Ербол Шаймерденұлы Шаймерденовтың туғанына 70 жыл толуына орай «Жарқын бейне» атты еске алу сағаты өткізілді. Мақсаты; саналы ғұмырын еліміздің мәдениеті мен баспасөзінің, тіл саласының өркен жаюына арнаған қоғам қайраткері туралы білімдерін кеңейту. Шараға 22 бала қатысты. https://www.facebook.com/photo/?fbid=504242059266480&set=pcb.504242209266465&__cft__[0]=AZUTf7Dpo3rgqo_hLzjOnPLS6FkYQPLLnVJK9eCI40FfcDtJnChFclGyya8QbHkTp7wBwxbac0jtFxHhxVkcNo5fxXWbmIGJs90HkxQbtgkJ8xzvEI5OgchYuvE-67O1DUA3lYzKaqWMd6_xm1YUrj1kDzSNpktkd5B-vERmtxDaog&__tn__=*bH-R https://www.instagram.com/p/DBajzC3oFjJ/?utm_source=i...

«Қазақ өнерінің жанашыры» атты тұлға тану сағаты

Дата: 21.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 33
2024 жылдың 21 қазан күні қалалық орталық балалар кітапханасында Қазақстанның Еңбек Ері, Халықаралық Жамбыл Жабаев, Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтардың иегері, Қазақстан және Қырғызстан республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, жазушы, композитор, өнертанушы, суретші Ілия Жақановқа «Қазақ өнерінің жанашыры» атты тұлға тану сағаты өтті. Мақсаты: Оқырмандарды Ілия Жақановтың шығармашылығымен таныстыру. Ақынның шығармаларын насихаттау. Жасұрпақты Отанын, туған жерін, табиғатты сүюге шақыру.

"Жас шахматшылар клубы"

Дата: 21.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 30
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 21қазан күні сағат 14-00 де «Жас шахматшы» клубының мүшелері шахмат ойынының тәсілдерін: фигуралар қозғалысын, тосқауыл қою, шах-мат т.б әдіс-тәсілдерін ойнап үйренді. Балалар өздерінің логикалық ойларын шоғырландыра отырып, ойнау логикасы зейінділікті дамытуға, бейімделді. Мақсаты: Шахмат ойынының қозғалыстарын таныстыру. Шахматқа деген қызығушылықтарын арттыру. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02UNNsJz3wsJ8tPZeX66wjyiJWW2wPEk1vPuNBthZLLHf4mr5Tf28oTuxtp6bUu5mNl&id=100022548073225&__cft__[0]=AZVGNw2TLBXeMNBDnQQ8BKonDYW8ZJAG4PlwGQSfOLqYnK2Q77uIrp9dsKfoBE75G6_EEGqCRavjDjDFhfAs_LtaAxtoh4z_MMzoKzEmiQP16k4ekD5BEfeorS98BYcZNBo7TV1jr6ySlxi2dRDmtPXl6ayhoxUpqIFqyDcZJy5QGg&__tn__=%2CO%2CP-R

"Әбдіжәміл Нұрпейісов" библиографиялық шолу

Дата: 21.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 31
2024 жылдың 21 қазан күні қалалық орталық балалар кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысы ардагері Әбдіжәміл Нұрпейісовке арналған библиографиялық шолу өтті. Мақсаты: Қазақстан Республикасының халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың өмірі және шығармалары туралы мағлұмат беру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ