Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Кітап – білім бұлағы

Дата: 09.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 80
2021 жылы 2 сәуір күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы 2021 жыл Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы болып жариялануына және 2 сәуір Халықаралық балалар кітабы күні, соған орай қалалық №2 кітапхана филиалы «Кітап – білім бұлағы» атты кітап көрмесін әлеуметтік желі оқырмандарына насихаттады. Мақсаты: Кітап көрмесімен және жаңа түскен әдебиеттермен таныстыру, кітаптың, одан алатын білімнің адам өміріндегі алатын орнын, оқуға, білімге деген құштарлықтарын ояту, білімнің кітап арқылы берілетінін, кітаптың адам өміріндегі маңызын, ғылым мен білімнің пайдасын насихаттау, кітап оқуға деген қызыіушылықтарын арттыру https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=940519303376330&id=100022548073225&__cft__[0]=AZUfOGad_TUn9ddzTGhhssXHw0Y1C5iHKBIeVMTU90omNoJd4q6tt0PDq7G2Y4jR5tDHCEaNHxSIP_b1Ragu9d0iSCB4_e7lxHH9G4i1J-RAV-G1J-WxapioJ0nC09XaZ-8&__tn__=%2CO%2CP-R

Қазақтың ұлттық тағамдары

Дата: 09.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 60
Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы 21 наурыз Ұлттық тағамдарды ұлықтау күніне орай «Қазақтың ұлттық тағамдары» атты салайдты әлеуметтік желі оқырмандарына ұсынды. Мақсаты: Қазақтың ұлттық тағамдарының ерекшелігі мен құндылығын бағалауға, қазақ халқының қонақжай дәстүрін құрметтеуге, ұлттық тағамдарының түрлерін білуге және қазақ дастарханы туралы түсінік беру, ұлттық сезімдерін қалыптастыру. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/932790214149239/

Терроризм бейбітшілікке төнген қауіп

Дата: 09.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 69
25 наурыз күні қалалық №2 кітапхана филиалы бүгінгі күннің өте күрделі проблемасына айналып отырған терроризмге байланысты «Терроризм бейбітшілікке төнген қауіп» деген тақырыпта ақпараттық видеоны әлеуметтік желі оқырмандарының назарына ұсынды. Мақсаты: Жастарға терроризм туралы түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Жасөспірімдерге қоғамның әлуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, ланкестік және діни экстремистік бағытта арандауына жол бермеу. Жастардың бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру. Өз Отанын сүйюге, елінің париоты болуға тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/935671277194466/

Мұқағали Мақатаев өлеңдерін қашықтан оқу

Дата: 09.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 74
2021 жылы 12 наурыз күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай Мұқағали Мақатаев өлеңдерін қашықтан оқуды әлеуметтік желі оқырмандарына насихаттады. Мақсаты: Артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттай отырып, ақиық ақынның талантын жас ұрпақтың жүрегіне ұялату, сол арқылы поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру, көркем де, қуатты поэзиясын насихаттау. Ақынның өлеңдері мен әндері арқылы Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үгі алу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/926637908097803/

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған

Дата: 09.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 89
Хаттама Көктемнің ең алғашқы шуақты мерекесі, әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысы 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында қалалық №2 кітапхана филиалы «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» деген тақырыпта әлеуметтік жегі оқырмандарына арнап музыкалық слайдты ұсынды. Мақсаты: Анаға деген мейірімділікті , сүйіспеншілікті арттыру, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, ананы құрметтеу, қыз баланы сыйлау, парасатты, мейірімді болуға баулу, адам бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыру. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/922496968511897/
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ