«Халықаралық ескерткіштерді қорғау күні»
Дата: 19.04.2021
Категория: Новости
Просмотры: 88
Тарихи-мәдени ескерткіштер ұлтымыздың байлығы, халқымыздың өткенінен сыр шертетін қастерлі мұрасы. Өмірден өткенімен, көңілден өшпейтін бабалар есімін өшірмеу баршамыздың міндетіміз. Осы орайда Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы 18 сәуір «Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне» орай Қадырғали Жалайыр бабамызға қойылған есерткішінің алдында іс-шара өтті. Шара барысында желі оқырмандарына Қадырғали бабамызға арналған ескерткіш туралы көлемді мәлімет берілді. Ескерткіш Талдықорған қаласының оңтүстік-батыс бөлігінде, Алматы-Талдықорған автотрассасының бойында орналасқан. Ескерткіш 2008 жылы орнатылған. Қадырғали Қосымұлы Жалайыр 1530 –жылдары туып. 1605 жылдары шамасында қайтыс болған. Ортағасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы, атақты биі. Шыққан тегі Ұлы жүздің тарақ таңбалы Жалайыр тайпасынан. Оның «Жалайри» аталуы осыдан. Туған жері Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Жастай білім алып, бірнеше тіл меңгерген Қадырғалидың өзі де хан сарайында қызмет атқарып, ха...