"Бір уыс бидай"
Дата: 22.04.2021
Категория: Новости
Просмотры: 70
2021 жылдың 22 сәуір күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы Қазақстандағы ашаршылыққа 90 жыл тоуына орай «Бір уыс бидай» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға кітапхана оқырмандары, кітапхана қызметкеркерлері және мектеп оқушылары қатысты. Аталмыш шарада кітапхана қызметкері С.Қажаева «Қазан төңкерісі» жайлы баяндама оқып, Ж.Тынышбаева «Бесеудің хаты» жайлы ақпарат берді. Шараны кітапхана қызметкері А.Мұсағалиева жүргізді. Шара барысында қатысушылар тарихи шығармаларды, деректі фильмдерді пайдалана отырып, халқымыздың тарихындағы ең ауыр трагедиялардың бірі екеніне ерекше көңіл бөліп, қазақ даласындағы ашаршылықтың зардабы, себебі мен салдары туралы пікір білдіріп, осы бағыттағы мәселелерді кеңінен талқылады. Аталмыш шара Кеңестік саясаттың, асыра сілтеулер әрекеттердің халықты ашаршылыққа ұрындырып, демографиялық ахуалға кері әсерін тигізгенін айта келе, сол жылдардағы халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қайғы-қасіретіне баса назар аудар...