Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно

Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Өткен тарих жаңғырығы»

Дата: 27.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 60
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалы Чернобль апатына 35 жыл толуына орай «Өткен тарих жаңғырығы» атты бейнеслайдын әлеуметті желі оқырмандарының назарына ұсынды. Мақсаты: 35 жыл бұрын, яғни 1986 жылы 26 сәуірде Украинаның Чернобыль қаласындағы атом-электр стансасының төртінші блогі жарылып, мыңдаған адамдар осы жарылыстың зардабын тартып, қасірет шеккендігі туралы мәлімет беру. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=955373075224286&id=100022548073225&__cft__[0]=AZUpGaLMx5KrjO93-8prVktUgWPwY9q_q4NzKmlI6IAem9VePTypxuZXzS1MtYMRGtFZXus46ZvCNizHclk2XyoneXOVBHPupRaenzJfuHVfhum0x2HZyNf4RMFNk5OMVC2UmeWHvTIMPWabR1Ly4DJ_&__tn__=%2CO%2CP-R

"Чернобыль апаты-ғасыр қасіреті"

Дата: 27.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 100
2021 жылдың 27 сәуір күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы Чернобыль апатына 35 жыл толуына орай «Чернобыль апаты-ғасыр қасіреті» атты бейнеақпаратты оқырман назарына ұсынды. Мақсаты:Чернобыль апатының тарихы, апат салдарын жоюға аттанғандардың ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау, адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/955868298508097/

Кітап-сарқылмас рухани қазына

Дата: 26.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 88
#bizbirgemiz #onlinekitaphana Құрметті оқырмандар! 23 сәуір-Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні. 1995 жылы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы бұл күні кітаптар мен авторларға құрмет білдіру туралы шешім қабылдады. Мереке Халықаралық Кітап баспа Ассоциациасының ынтасымен 1969 жылдан тойланып келеді. 1965 жылдың 16 қарашасында өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 28 сессиясында мереке туралы Қарар қабылданып. 23 сәуір – «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні» болып жарияланды. Міне, осы мерекеге орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2021 жылы 21 сәуір күні мектеп оқушыларының қатысуымен «Кітап-сарқылмас рухани қазына» деген тақырыпта сторителлинг өтті. Іс-шара барысында кітапханашы К.Табылдинова электрондық құралдар мен ғаламторға байланған заманда адамдардың да ойлау қабілеті өзгеруде. Осыдан болса керек, қоғамда түрлі келеңсіздіктер орын алуда. Ал, «жақсы кітап – жан досыңмен сырласқандай...

«Нашақорлық-ғасыр індеті»

Дата: 26.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 54
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 26 сәуір күні кітапхана оқырмандарымен «Нашақорлық-ғасыр індеті» деген тақырыпта пайдалы кеңес өткізілді. Шара барысында жастарға ескірткінің зияны мен қауіп қатері туралы кең көлемде мағлұмат берілді. Қоғамда нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Нашақорлық - бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Есірткі әсіресе жас буын өкілдеріне өте қауіпті дерт. Жастарды көктей орып, жуадай солдыратын - көкнәр, апиын, наша тарту есірткіқұмарлыққа жатады. Есірткінің әлемнің көп елдеріне жайылып, жасырын бизнестің ең қауіпті түріне айналуы қазіргі кездің ең өзекті проблемаларының бірі. Бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін, жас ұрпақ үшін өте маңызды. Сондықтан есірткіге қарсы күресті ел болып, халық болып, уәкілетті органдардың ықпалымен жоюға ат салысу әр адамның азаматтық міндеті болмақ-делінді.

«Нашақорлық-ғасыр індеті»

Дата: 26.04.2021 Категория: Новости Просмотры: 61

Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ