Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Қазақстан-бақытым, бұлағымда" интеллектуалды ойын

Дата: 23.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 52
2024 жылдың 23 қазан күні қалалық орталық балалар кітапханасында 25 қазан – ұлттық мереке Республика күніне орай №2 орта мектептің 5 «б» сынып оқушыларымен «Қазақстан–бақытым, бұлағымда» атты интеллектуалды білім сайысы өтті. Мақсаты: Оқушыларды жан-жақты дарынды, сауатты, озық болуға, еркін сөйлей білуге үйрету, алған білімдерін тиянақтау, ізденуге талпынысын арттыру. Оқу-білімге, ойын жүйелі жинақтап сөйлеуге және алғырлыққа, тапқырлыққа, ұлттық үрдістерге тәрбиелеу.

«Қыран елім – Қазастаным» поэзия сағаты

Дата: 23.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 50
2024 жылдың 22 қазан күні қалалық орталық кітапханасында 25 қазан Егемен еліміздің басты, әрі ұлттық мерекеміз – Республика күніне орай «Қыран елім – Қазастаным» атты поэзия сағатын ұйымдастырды. Шараға №12 мектептің 6 сынып оқушылары қатысты. Мақсаты: Ұлттық мереке 25-қазан Республика күнінің маңыздылығын түсіндіру, жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту. Шара барысында оқырмандар атаулы мерекеге байланысты өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, шара соңында белсене қатысқан оқырмандар алғыс хаттармен марапатталды.

«Менің Отаным - Қазақстан!» атты кітап көрмесі.

Дата: 22.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 32
25 қазан - Республика күніне орай, 2024 жылдың 22 қазанында сағат 14:20 - да Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы көпшілік оқырмандарға «Менің Отаным - Қазақстан!» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, оған библиографиялық шолу өткізді. Мақсаты: жастарды өз Отанан сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу. Елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Шараға 8 адам қатысты. https://www.instagram.com/reel/DBbBdAsiMeK/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы

Дата: 22.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 31
Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында сағат 10:00-да № 22 орта мектептің оқушылары арасында«Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі, ЮНЕСКО-ның есте қалатын атаулы күндер күнтізбесіне 100 жылдық мерейтойыенгізілгенБердібек Соқпақбаевтыңшығармаларына ой-толғау өткізілді. Мақсаты: Қазақ балалар жазушысы, ақын, сценарист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бердібек Соқпақбаевтыңшығармаларын кеңінен насихаттау. Шараға 12 оқушы қатысты. https://www.instagram.com/p/DBatlyiCb1r/?igsh=dHI1eTU2eXdqOGFm

«Бәйшешек» клубы

Дата: 22.10.2024 Категория: Новости Просмотры: 27
2024 жылдың 22 қазан күні сағат 14:00 Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалындағы «Бәйшешек» клубының белсенділерінің отырысы ұйымдастырылып, «Жәндіктер жасау» тақырыбына аппликациялар жасап үйренді. Шараға 10 адам қатысты https://scontent.fala2-1.fna.fbcdn.net/v/t39.30808-6/463855251_504348505922502_7911991639551567211_n.jpg?_nc_cat=102&ccb=1-7&_nc_sid=127cfc&_nc_ohc=_KRJ9UmZ1M4Q7kNvgG9hBUL&_nc_ht=scontent.fala2-1.fna&_nc_gid=A4uWR9nhPNw9v-KaLUddS4A&oh=00_AYBZDOFQuk9J0L24zwFxyz4o35lYf9tJHr_mISY1SKLyNA&oe=671D3851 https://www.instagram.com/p/DBa9kYBIQnH/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ