Знаменательные даты

< Май / 2025 >
ПнВтСрЧтПтСбВс

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Ұмытылмас тұлға

Дата: 08.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 51
Талдықорған қалалық № 2 кітапхана филиалы 8 маусым 2021 жылы қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаевтың 80 жасқа толуына орай «Ұмытылмас тұлға» атты ақпаратты әлеуметтік желі оқырмандарына ұсынды. Мақсаты: Жастарға қоғам қайраткері Өмірзақ Озғанбаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі, өнеге ету, жастар бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіру. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/982559635838963/

Жыр марафоны

Дата: 08.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 64
Мемлекеттік рәміздер – егемендік пен тәуелсіздіктің, халық пен мемлекеттік билік бірлігінің нышандары. Еліміздің еңсесі биік, санаулы тәуелсіз тарихына қарамастан, бүгінде Мемлекеттік рәміздеріміз бүкіл әлемге танымыл. Елдігіміздің айғағы саналатын Мемлекеттік нышандарды қастерлеу – әрбір қазақстандықтың, болашақ ұрпақтың қасиетті парызы, патроттығымыз бен Отанға деген құрметіміздің көрсеткіші. Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күні мерекесіне орай жыр марафонын ұйымдастырып оны басқа филиалдар жалғастырды. Мақсаты: Тарихымызды айшықтап, болашағымыздың бағдары болған мемлекеттік рәміздерді ұлықтау мен қатар ел келешегі – жастадың бойына патриотизм мен Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптеу. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=975934133168180&id=100022548073225&__cft__[0]=AZWMFbhOfAPYSQas2q1_6LMV-UEaP6dm9EnwEd2t2UbDIAiatNdNbSYvMp-vW46cQewZVb0PtUgyFLcMIhh6A7pNjJ2tLnhKZpUtV0J7wfIERTOYZEsRI...

Әрқашан күн сөнбесін

Дата: 08.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 75
1 маусым - Халақаралық балаларды қорғау күні. Елімізде балалардың жан – жақты дамуына, білім алып, өз жолдарын таңдауына барлық жағдай жасалған. Себебі, олар әрбіріміздің үміт күткен ұрпағымыз, еліміздің болашағы. Бүгінгі күнге қуанышпен қадам басқан жас бала, ертең елдің тұтқасын ұстайтын азамат атанып, халқына қызмет етеді. Осы мерекеге орай 1 маусым күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы «Әрқашан күн сөнбесін» атты видео роликті бүлдіршіндерге арнады. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=978399582921635&id=100022548073225&__cft__[0]=AZUhXlJ0fE5bbD9V6QhQF2irK4fGbyPL7s_43FfCBHc3O7PG5XxiaAGLEFy94XA-xwDz1PM7NhMFeHOCm20t2aRAcHNO8qr1hCjgW6MPh-FywI4dRuARPvfl80Ji6OaMkF9OFq_Co7veWFHoD_G6it8S&__tn__=%2CO%2CP-R

Құрбандар рухы ұмытылмайды

Дата: 08.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 51
Қазақ тарихындағы қаралы жылдардың бірі 30-шы жылдардағы ашаршылық пен 1937-1938 жылдардағы жаппай қуғын-сүргін жылдары. Зұлмат жылдардың зардабы мен салдарын жас ұрпақ ұмытпауы керек. 1997 жыл- Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды. Сол жылдан бастап 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленді. Осыған орай 2021 жылы 27 мамыр күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы 31 мамыр-қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Құрбандар рухы ұмытылмайды» деген тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінің маңызын түсіндіріп, тарихтан тағлым алуға, өткенге тағзым етуге тәрбиелеу. Қазақстанның лагерьлер өлкесіне айналып, жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккені жайлы баяндау. Қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мәлімет беріп, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға...

Жетісудың жезтаңдайы

Дата: 08.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 61
2021 жылы 20 мамыр күні Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы Жетісудың жезтаңдай әншісі, композитор, Қазақ ССР халық әртісі, Дәнеш Рақышевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жетісудың жезтаңдайы» атты ақпаратты әлеуметтік желі оқырмандарына насихатталды. Мақсаты: Жас ұрпаққа Дәнеш Рақышевтың өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтер беру, рухани бай болуын, өз ісіне сенімді, еңбекқор, мейірімді, өнерлі болуға тәрбиелеу. Композитордың шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінің өнерін сүюге баулу. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=970459250382335&id=100022548073225&__cft__[0]=AZW1X5UEfKK4VSmiz0f72CrriKC_R62wnHBwP_cCGLcV1u1MWt5ZGmZKfd9utsmuuiu8XqvFOMZp8BeHSoFcdb6VbhGPbMlXdoY7J-w3CepySubSa8Us5iq4PvnNlOnASzFKUorHW674X9ANvCaZ0o7B&__tn__=%2CO%2CP-R
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ