Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Ашаршылықтың ащы шындығы»

Дата: 22.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 54
Маусым айының 9 – шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен әлеуметтік желі парақшаларында оқырмандар назарына«Ашаршылықтың ащы шындығы»атты слайд шоу ұсынылды. Мақсаты: 1931 – 1933 жылдардағы ашаршылық, ХХ ғ. 30 – ж Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың демографиялық салдары, Қазақтардың республикадан тыс аймақтарға жаппай қоныс аударуы туралы оқушылардың білім деңгейін зерттеу, қосымша ақпараттар бойынша жан – жақты білім қорын молайту. Оқырмандар тарапынан фейсбук парақшасында 78 қаралым, инстаграмм парақшасында 81 қаралым, вконтакте 51 қаралым. Жалпы 210 қаралым болды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=983226062438987&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CP4vgXInmEy/?utm_medium=copy_link

«Мерейтой иелері»

Дата: 22.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 67
Қазақ халқының ұлттық әдебиетінің қалыптасуы мен елдің қоғамдық өмірінің дамуына үлкен үлес қосқан, өздерінің жазған түрлі тақырыптағы шығармаларымен адамдардың жаңа заманға сай, сауатты болуына, елді оқуға, білім алуға шақырған, жалынды жазушы, айтулы ақындарымыз, мерейтой иелері Ы.Алтынсарин, Ж.Жабаев, М.Мақатаев, С. Мұратбековтерге арналған қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде маусым айының 7 – ші жұлдызында «Мерейтой иелері» атты кітап көрмесі оқырмандар назарына ұсынылып, әлеуметтік желі парақшаларында жарияланды. Көрмеде шығармалар жинағы, таңдамалы, жеке басылымдар, кітаптар мен олар туралы мерзімді басылымдардан алынған материалдар қойылған.

Онлайн ақпарат

Дата: 22.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 47
Маусым айының 4 – ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі барлық саналы ғұмырын халыққа адал қызмет етуге арнаған, жасы сексенді алқымдаса да Қазақстан Республикасы ардагерлер ұйымының қоғамдық бірлестігінде белсенді қызмет атқарып келе жатқан Өмірзақ Озғанбайұлының 80 жасқа толуына орай әлеуметтік желі парақшаларында онлайн ақпарат ұсынды.Мақсаты:ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Ө.Озғанбаевтың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға насихаттау. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=980132959414964&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CPrnx-UHc1F/?utm_medium=copy_link

«Мемлекеттік рәміздерім – Тәуелсіздігіміздің нышаны» кітап көрме

Дата: 22.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 61
Маусым айының 2-ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі 4 маусым Рәміздер күніне орай әлеуметтік желі парақшаларында«Мемлекеттік рәміздерім – Тәуелсіздігіміздің нышаны»атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды.Мақсаты:Оқырмандарды Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, қастерлеуге, Отанын, жерін, елін сүюге тәрбиелеу. Кітап көрмесімен 8 оқырман танысты. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=980164326078494&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CPrx_ean9J-/?utm_medium=copy_link

«Мемлекеттік рәміздерім – Тәуелсіздігіміздің нышаны» слайд шоу

Дата: 22.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 49
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады. 4 маусым Рәміздер күніне мерекесіне орай қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі фейсбук , инстаграмм желісінде Рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздерім – Тәуелсіздігіміздің нышаны» атты слайд шоу ұсынды. Мақсаты: оқырмандарды Отансүйгіштік, адамгершілік тәрбиесі арқылы ел рәміздерінің мемлекеттік мәртебесін арттырып, қастерлеуге тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=978968659531394&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CPm0jKrH0gP/?utm_medium=copy_link
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ