Знаменательные даты

< Май / 2025 >
ПнВтСрЧтПтСбВс

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Әйтеке би:парасат биігі мен сөз құдіреті» атты пікір алмасу сағаты

Дата: 19.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 73
2024 жылы 18 қараша күні қалалық орталық кітапхананың оқу залында қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан мемлекет қайраткер Әйтеке Байбекұлының туғанына 380 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Әйтеке би:парасат биігі мен сөз құдіреті» атты пікір алмасу сағаты өтті. Шарада Әйтеке бабамыздың өмірі мен шешендік сөздері өскелең ұрпаққа үлгі өнеге болып үлкен рухани байлық беретіні жайлы айтылды. Пікір сайыс барысында оқушылар топқа бөлініп өздеріне берілген тапсырма орындап ой пікірлерін ортаға салып шығармашылық, танымдық қабілеттерін арттырды. Шара соңында Әйтеке бидің еңбегі мен өмірі туралы жазылған кітаптар оқырман қауымға ұсынылды. Мақсаты: Ел бірлігі мен әділдіктің жарқын үлгісін көрсеткен тарихи тұлғаның мұрасын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру.

Буккроссинг

Дата: 18.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 30
Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы 2024 жылдың 18 қараша күні көпшілік оқырмандар арасында «Буккроссинг» өткізді. Мақсаты: ол- үйімізде жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау», оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу. https://www.instagram.com/reel/DCgJ3VQodM2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

«Темекі тартсаң ақырын, азаяр сана, ақылың» шок-урок

Дата: 15.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 24
2024 жылдың 15 қараша күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында 15 қараша - Халықаралық темекіден бас тарту күніне орай «Темекі тартсаң ақырын, азаяр сана, ақылың» атты шок-урок жасөспірімдер арасында өткізілді. Мақсаты: Темекінің ағзаға тигізетін кері әсерін және одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды әсерін ашу, шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, одан жиіркенуге, темекі - у екенін ұғындырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жат қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу. https://www.facebook.com/share/p/1PqjdKnSon/?

«Өзіңді - өзің жасай біл» дөңгелек үстел

Дата: 14.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 26
2024 жылдың қарашаның 14 күні қалалық № 2 кітапхана филиалы Заң колледжінің 1 курс студентерімен «Жүрек жылуы» жоба аясында «Өзіңді - өзің жасай біл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Мақсаты: жастардың бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашырлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту. Мүмкіндігі шектеулі жандарды сыйлай, құрметтейбілу, қолынан келгенше көмектесу. https://www.facebook.com/share/p/oeaDvGDnEW2S4mX9/ https://www.instagram.com/p/DCWqyW1oZVS/?igsh=MTdoYTZ0bW1pY3h4YQ== https://vk.com/wall452366377_3584

«Табиғатты аялайық!» кітап көрмесі

Дата: 14.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 32
2024 жылдың 14 қараша күні 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында жастарды еңбекке, адамгершілікке, тазалыққа баулу мақсатында «Табиғатты аялайық!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту, жақсылық жасай білуге, табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру. Табиғат - Анаға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. https://www.instagram.com/p/DCVy0JviMIW/?igsh=MXV1M2d2MWVzOGw0MA==
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ