Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Бақытты балалық шақ

Дата: 25.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 49
1 маусым-Халықаралық балаларды қорғау күнінің де өзіндік тарихы, мән-мағынасы бар. Осы мереке қарсаңында 3- ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылы 31 мамыр күні мектеп оқушылары мен бүлдіршіндердің арасында «Бақытты балалық шақ» опен айр өтті. Еркін тақырыпта оқушылары мен бүлдіршіндер асфальтқа сурет салудан жарыс өтті. Мақсаты: Балаларға шын көңілден мерекелік көңіл-күй сыйлай отырып, балаларға мерекелік іс- шара ұйымдастыру. Балаларды қорғау күні қалай аталып өтілетінін өз көздерімен көрсету, балалардың жеке қасиеттерін дамыту, бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпауға тәрбиелеу. Іс-шара барысында кітапхана меңгерушісі К.Табылдинова балаларды төл мерекесімен құттықтап, жарыста жеңіске жетулеріне сәттілік тіледі. Бұл жарыс тек қана асфальтқа сурет салумен ғана шектелген жоқ. Оқушылар мен бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды, талантты балалар ән айтып, өлең шумақтарын мәнерлеп жатқа оқыды. Сондай-ақ, қазақтың ұмыт бола бастаған ұ...

Ақиқатқа айналған ата-баба арманы

Дата: 25.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 56
31мамыр-Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Талдықорған қаласының 3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылы 31 мамыр күні көпшілік оқырман қауым назарына «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы» атты слайд-шоуды ұсынып отырмыз. Мақсаты: Саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімдерін құрметтеуге және ұмытпауға тәрбиелеу. Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=977723112989282&id=100022548073225

Шыда, шыда

Дата: 25.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 58
Талдықорған қаласының 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай, Ш.Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Қайратқызы Аружан ақынның «Шыда, шыда» өлеңін қашықтан жатқа мәнерлеп оқыды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=974490099979250&id=100022548073225

Қолөнер

Дата: 23.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 53
#bizbirgemiz #onlinekitaphana Құрметті оқырмандар! Талдықорған қалалық 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында «Мерей»-қолөнер клубы жұмыс істейді. Сіздердің назарларыңызға «Мерей» - қолөнер клубының оқушылары қаймақтың бос ыдысынан себетті қалай жасауға болатынын үйретеміз. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=983337442427849&id=100022548073225

Қашықтан оқу

Дата: 23.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 57
#онлайнкітапхана Құрметті оқырмандар! Қазақтың ұлы ақын, аудармашы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтің 90 жылдығына орай, 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2021 жылы 11 маусым күні Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының 8 «а» сынып оқушысы Балтабаева Ардақ Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін қашықтан жатқа мәнерлеп оқыды. Мақсаты: Оқушыларды қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларын шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға, құрметтеуге тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=986397392121854&id=100022548073225
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ