Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Туған жер – бақыт ордасы

Дата: 30.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 1084
2021 жылғы 29 маусым күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Туған жерге тағзым» жобасы аясында, «Туған жер – бақыт ордасы» атты тәрбие сағаты жалпы оқырмандар арасында өтті. Шараға қатысушы Ж.Дулатбаева осындай тәлім-тәрбиесі бар, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін тудыратын шараларыңыз көп болсын деген тілегін білдірді. Мақсаты - жастарға, жасөспірімдерге Отан, туған жеріміз жайлы түсінік бере отырып, бала бойындағы ұлттық рухты , патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, туған елін сүюге, ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді азамат қалыптастыру. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=996052991156294&id=100022548073225&__cft__[0]=AZVEDX7UlnpdAiyaA0ugOafR4Gc2joYrUVGXpkWanhxHu8gnEEwdBoFZIRd3qpvxWJUDKRSEirxBIch1OqQ0wpmNsM0bAm5FO7vHC7gQRhSXe-ObRM4AiC9iLmgB5A2y-54&__tn__=%2CO%2CP-R

"Алты Алаштың арысы"

Дата: 29.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 66
2021 жылдың 29 маусым күні В. Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы 20 – сыншы ғасыр басындағы ілгерішіл ұлт зиялыларының лидері, қазақтың өлкетану ғылымының негізін қалаушы, қазақ халқының төл тарихы, әдебиеті, фольклоры, этнографиясы, қазақ өлкесінің экономикасы мен халық шарушылығы бойынша жүздеген еңбектің авторы, ғұлама ғалым, Ә.Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай «Алты Алаштың арысы-Әлихан Бөкейханов» атты тарихи круизді оқырман назарына ұсынды. Мақсаты: оқырмандарға елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялылары, Алаш арысы Әлихан Бөкейханов туралы, ақынның шығармашылығы, өмірі жайлы ақпарат беру; өз елін, жерін қорғайтын патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек

Дата: 25.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 59
2021 жылы 23 маусым күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Жүрек жылуы» жобасы аясында, мүмкіндігі шектеулі жандарға орай «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек» атты пікірталас кеші З.Искакова, Г.Мамутова, А.Майасаровпен өтті. Шара өту барысында ол кісілер өз ойларымен бөлісіп, көкейдегі сұрақтарын қойып, керекті жауаптарын алып, шараның тартымды өткені туралы жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар өсіп келе жатқан жас буындар мен жасөспірімдерге дұрыс бағыт-бағдар беру біздің парызымыз деген тұжырымдарын айта кетті. Мақсаты – жастарға, жас буындарға, жасөспірімдерге мейірімділік , қайырымдылық құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту, эмоциялық көңіл-күйлерін көтеру, бір-біріне деген қарым- қатынасты нығайту болып табылады. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=993479838080276&id=100022548073225&__cft__[0]=AZXdrWm9tVAX0hqRxWOoUUDSbFp4L3QpX5nzQadfqZamBY3YgVH6MItzc_AaC_4VROk0x0QYax_G15eNGnq5CO2JFRq3xyY6CmOFbZuXZDo2unQ5iyySc...

Рухани құндылығымызды сақтау – басты аманат

Дата: 25.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 61
2021 жылы 8 маусым күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы ескеткіштер күніне орай «Рухани құндылығымызды сақтау – басты аманат» слайд шоуды оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, жастардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Ескерткіштер туралы жастарға және жасөспірімдерге мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру. Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштері арқылы жасөспірімдерді ұлтжандыққа тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/992297788198481/

«Өрт-тілсіз жау»

Дата: 25.06.2021 Категория: Новости Просмотры: 70
Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалы 2021 жыл 24 маусым күні «Өрт-тілсіз жау» атты бейнеролик назарларыңызға ұсынады. Мақсаты: Оттың адам өміріндегі маңызын, пайдасын, пайда болу жолдарын ұғындыру. Сонымен қатар оттың тілсіз жау екендігін ұқтыру.Өрттің зияны мен қауіпсіздігі туралы толық мағлұмат беру. Оқырмандарға оттан сақтанудың жолдарын, өрттің табиғатқа, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, сіріңке, оттықтан қатерлі нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ