Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Нұр-Сұлтан – әсем қалам!

Дата: 26.08.2021 Категория: Новости Просмотры: 1188
2021 жылғы 6 шілде күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы 6 шілде Нұр-Сұлтан қаласының күніне орай «Нұр-Сұлтан – әсем қалам!» атты бейнеролигін оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты – Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлерін таныстыру және жасөспірімдер бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру. Нұр-Сұлтан тарихын насихаттау, қаланың мәдени жетістіктеріне тоқталу, жасөспірімдерді Отансүйгіштікке, әсемдікке, салауаттылыққа баулу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/170512778453133/

Тәуелсіздік жолындағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс

Дата: 26.08.2021 Категория: Новости Просмотры: 63
2021 жылғы 5 шілде күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы Қазақстандағы Ұлт - азаттық көтеріліске 105 жыл толуына орай «Тәуелсіздік жолындағы 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс» атты тарихи круиз бейнеролигін оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты – оқырмандарға Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың шығу себебін айту, дүниежүзілік ұлт - азаттық қозғалыстармен салыстырып талдау, көтеріліс барысын дәлелді пікірлермен тұжырымдау, ұлт – зиялыларының ұстанған бағытымен таныстыру, тарихи тұжырымды пікір қалыптастыру. Отанымыздың тәуелсіздікке қол жетуі жолындағы бастан кешкен қиындықтары, тарихи күресі туралы әңгімелеп беру. «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама» туралы оқиғаны әңгімелеу, азаттық жолындағы күрестің ен ірісі – 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісі, бұл соғыста 60 мыңнан астам адам патша жендеттерінің қолынан қаза тапқаны туралы мағлұмат беру. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/999615280800065/

Жемқорлық - ғасыр дерті

Дата: 25.08.2021 Категория: Новости Просмотры: 55
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалы 2021 жылдың тамыз айының 17 жұлдызында кітапхана оқырмандары арасында «Жемқорлық – ғасыр дерті» атты диолог өткізді. Мақсаты: жемқорлық деген сөзді түсіндіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікпен тәрбиелеу. Оқырмандарға сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отырғаны айтылды.

«Невада–Семей»

Дата: 24.08.2021 Категория: Новости Просмотры: 82
Қазақ халқына қасірет әкелген Семей полигонының жабылуының отыз жыл толуына орай тамыз айының 24 – ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі әлеуметтік желі парақшаларында «Невада–Семей» атты бейнеролигін оқырмандар назарына ұсынды. Бейнероликта «Невада-Семей» қозғалысының арқасында қазақ жерінде көптеген адамның өмірін жалмаған ядролық қарудың тигізген зияны мен зардаптары көрсетілді. Мақсаты: Семей ядролық полигонының тарихын, апат салдарын халық денсаулығына, қоршаған ортаға тигізген зардабы туралы оқырмандарға түсіндіру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1032456794182580&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CS8efI0i6Tn/?utm_medium=copy_link

«Кітап оқу көшбасшысы»

Дата: 24.08.2021 Категория: Новости Просмотры: 81
«Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай Құнанбайұлы айтпақшы адам баласы үшін кітап-тілсіз тәрбиеші. Кітап адам баласына бала кезінен бастап өмірінің соңына дейін сырлас дос бола алады. Осыған орай, қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі қыркүйек айының 20-шы жұлдызында «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына-30 кітап» рухани –мәдени оның ішінде «Балалар әдебиеті» жанры бойынша (Ы. Алтынсарин «Өнер білім бар жұрттар»; Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек»; Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити»; Толымбек Әбдірайым «Алаабұға аулаған күн»; Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу»; Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас») «Кітап оқу көшбасшысы» атты байқау ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: Қазақ балалар әдебиетін кеңінен насихаттап, балалардың оқуға деге...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ