Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Біз ядролық қарусыз әлемді қолдаймыз!

Дата: 26.08.2021 Категория: Новости Просмотры: 1186
2021 жылғы 24 тамыз күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы 29 тамыз 1991 ж. Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толуына орай «Біз ядролық қарусыз әлемді қолдаймыз!» атты бейнеролигін оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты – Қазақстанның 30 жыл ішіндегі бейбіт жолы, еліміздің тұрақты даму тақрыптарына жастардың және жасөспірімдердің өз ойын білдіруге мүмкіндік беру, айтулы тарихи оқиғалардың ұмытылмауына және олардың тәрбиелік мәніне назар аудару. Ядролық қарулардың адамзат баласына тигізетін ауыр түсіну, ядролық полигонды жабудағы Елбасының ролін ашу, ядролық қарудан бас тартқан еліміздің халықаралық аренадағы ролін анықтау, бейбітшілдік, Отансүйгіштік қасиеттерді дамыту. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/455381775449753/

Заңды білу – заман талабы

Дата: 26.08.2021 Категория: Новости Просмотры: 1087
2021 жылғы 18 тамыз күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы 30 тамыз Қазақстан Республикасының «Заңды білу – заман талабы» атты ақпарт сағатын оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты – жастарға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру, адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру, жастардың саяси саналылығы мен таным белсенділігін арттыру, заңдарды талдай отырып, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге баулу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/559143575355696/

Абай Құнанбаев – ақылдың ақыны

Дата: 26.08.2021 Категория: Новости Просмотры: 1150
2021 жылғы 9 тамыз күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы 10 тамыз Абай күніне орай «Абай Құнанбаев – ақылдың ақыны» атты тақырыбында «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма?» өлеңін А. Қабден жатқа қашықтан оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты –жасөспірімдерді және жас буындарды ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаев шығармаларымен таныстыру, ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, білімге деген құштарлығын арттыру, мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/292194612658604/

Терроризм - мұны бәрі білу керек

Дата: 26.08.2021 Категория: Новости Просмотры: 1085
2021 жылғы 2 тамыз күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Терроризм - мұны бәрі білу керек » атты бейнеролигін оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты – оқырмандарға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру, жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу, жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/1652429791609430/

Таза болса табиғат, аман болар адамзат

Дата: 26.08.2021 Категория: Новости Просмотры: 1114
2021 жылғы 14 шілде күні Учхоз (ЗВТ) №8 кітапхана филиалы «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты бейнеролигін оқырмандар назарына ұсынды. Мақсаты – жастардың және жасөспірімдердің бойына табиғат, денсаулық құндылықтары және табиғатқа қамқорлық адами қасиеттері туралы білімдерін кеңейту, табиғат пен адам үйлесімділігі туралы түсініктерін, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру, денсаулығын күту іскерлігін дамыту, денсаулығын нығайтуға деген іскерлігін арттыру, табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу, туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, елін, жерін жер ананы құрметтеуге тәрбиелеу. https://www.facebook.com/100022548073225/videos/153762593413864/
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ