Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Мақал – мәтел»

Дата: 21.09.2021 Категория: Новости Просмотры: 50
Кітап оқитын балалар кітап оқитын қоғамды құрады. Сондықтан қазақ әдебиетінен балалар әдебиетін бөліп алып қарастыра алмаймыз. Осыған орай, «2021 жыл - Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында қалалық орталық балалар кітапханасы балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениеті мен кітап оқу белсенділігін арттыру, кітап оқу мәртебесін көтеру мақсатында 9 қыркүйек күні ZOOM бағдарламасы арқылы қала мектептерінің төменгі сынып оқушылары арасында білім, кітап, оқу тақырыбында «Мақал – мәтел» жарысын ұйымдастырып өткізді. Аталған жарысқа 9 оқушы қатысып, дипломмен алғыс хаттармен марапатталды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1043059073122352&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CTmSSx7ii0b/?utm_medium=copy_link

Тіл мерекесіне – челлендж

Дата: 21.09.2021 Категория: Новости Просмотры: 52
Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі 5 қыркүйек тіл мерекесі қарсаңында қыркүйек айының 2-ші жұлдызында тіл тақырыбындағы өлеңдерге мектеп оқушылары арасында оқырмандарды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету мақсатында челлендж ұйымдастырып, әлеуметтік желі парақшаларында жарияланды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1039325563495703&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CTXRN29iFqE/?utm_medium=copy_link

"Айман Кәріпбаевадан 40ертегі"

Дата: 20.09.2021 Категория: Новости Просмотры: 51
Қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қыркүйек айының 7-ші жұлдызында «А. Кәріпбаеван 40 ертегі» атты дауыстап оқу ұйымдастырды. Мақсаты: Жас таланттың «40ертегі» атты кітабын оқырмандарға насихаттау.Салт-дәстүрді байланыстырып,балаларға қазақтың рухани құндылығын ұқтыру.Ертегілер арқылы балаларды еңбекқорлыққа баулып,күш-қуат беріп,қиындықпен күресіп ,алға ұмтылуға тәрбиелеу.

"Азат елдің ар-намысы ата заң"

Дата: 20.09.2021 Категория: Новости Просмотры: 58
Қалалық орталық балалар кітапханасында төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде тамыз айының 26-шы жұлдызында «Азат елдің ар-намысы ата заң» атты видеоролик ұйымдастырды. Мақсаты:Ел тәуелсіздігіміздің жиырма жылдығына орай оқушыларға Конституцияның сипаты, маңызы туралы түсінік беру. Ата заңның қалыптасу тарихының кезеңдері және оның ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдету. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық қағидалар мен өркениеттік Заңдық ережелерді бойларына сіңіру және Ата заңымызды құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Коворкинг ортылығының жұмысы

Дата: 14.09.2021 Категория: Новости Просмотры: 45
Еңбек ауылдық№4 кітапханафилиалының коворкинг орталығы. Күнделікті өмірімізге ене бастаған ағылшын тілінен ау­дарғанда «коворкинг» сөзі – бірге жұмыс жасау дегенді біл­­діреді. Кітапханалардағы коворкинг орта­лық­та­ры­ның ашылуы – оқырмандар үшін жақсы жаңалық. Коворкинг орталығының мақсаты - кез келген адамға өзінің сүйікті ісімен айналысуына, арнайы тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, шахмат, дойбы ойнауға, сонымен қатар кітапханаға жаңадан келіп түскен 3D форматтағы кітаптарды ұялы телефонның көмегімен ертегі кейіпкерлерінің әр қырынан қимылдағанын тамашалауға зор мүмкіндік тудырады. Яғни біздің кітапхана енді тек қызмет көрсету меке­ме­сі ғана емес, ауыл тұр­ғын­дары үшін зияткерлік дем­алыс орнына айналды. Кітапханаға келуші балалардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне бар жағдайды жасайтын орталық алаңы.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ