Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Удивительные динозавры планеты» атты 3D кітаппен таныстыру

Дата: 24.09.2021 Категория: Новости Просмотры: 53
Қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінің «Ойнайық та, ойлайық» коворкинг орталығында қыркүйек айының 23 – ші жұлдызында жас оқырмандарды «Удивительные динозавры планеты» атты 3D кітаппен таныстырып, шолу ұйымдастырды. Мақсаты: 3D кітаптардың көмегімен кеңейтілген шындық технологиясын қолдана отырып, оқырмандарды оқу мен дамуға қосымша ынталандыру, өздерін шығармашылық жағынан көрсетіп, кітап беттерінен ондағы QR – кодтарға басып виртуалды әлемнің 3D анимацияларына және қарапайым VR көзілдіріктерінің көмегімен өздері бұрын оқыған ғажайып әлемдерге саяхат жасауға мүмкіндік беру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1052099438884982&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CUJhTnlqs0D/?utm_medium=copy_link

"Жүрек жылуын сыйлайық"

Дата: 23.09.2021 Категория: Новости Просмотры: 53
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық бейімдеу арқылы заман талабына сай білім беріп қана қоймай, тәрбиелеп, оларды қоғам өміріне өз пайдасын тигізуге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру. Өзге азаматтармен тең құқылы түрде ақпарат алуына, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, оқуға деген құштарлықтарын оятуға ықпал ету, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, рухани демеу көрсету, кітапханамен дос болуға шақыру мақсатында Қалалық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Д. Ускенбаева қаламыздың Байсейітова көшесінде тұратын мүмкіндігі шектеулі 1-ші топтағы мүгедек Хапезова Айгерімді өз қамқорлығына алып , оның сұранысы бойынша үйіне түрлі түсті қызықты кітаптар мен журналдар апарып берді. Кітапхана қызметкері бұл топтағы оқырманға мәдени демалыс сыйлап, қызметтің барлық түрін қолдануға, қажетті ақпаратқа қол жеткізуге жәрдемдесіп, көңіл-күйін көтеру жолында барынша жұмыс атқаруда .

"Тіл туралы" челендж Қали Серік

Дата: 23.09.2021 Категория: Новости Просмотры: 45
23 қыркүйек күні «Тілдер күніне» арналған челенджді Еңбек ауылдық №4 кітапханасынан қабылдап алып Мойнақ ауылдық кітапханасына кітапхананың тұрақты оқырманы Қали Серік жолдады. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1052118655549727&id=100022548073225&__cft__[0]=AZXYPR40qct7YSUauIWQGdl82fx8Fz1-toL8eei9AKtBXcZeXYF_ZzSsDmXtF70uz_31EwfZDqLBoLDDvweETrrD9QwD9lkCehNspZ3YJKvla26sSRQRPucC-4mISlBvV86ZBlU5hZ6QDzIvz6L851k_&__tn__=%2CO%2CP-R

"Ұлт-азаттық көтеріліс тарих санасында"

Дата: 23.09.2021 Категория: Новости Просмотры: 50
23 қыркүйек күні кітапханада №21 орта мектептің оқушыларымен «Ұлт-азаттық көтеріліс тарих санасында» атты тарихи сағат өтті. Шара барысында балаларға осы көтерілістің тарихы туралы, ондағы осы ұлы дүбірлі көтерілістің басында жүрген: Сырым Датұлы, Кеңесары Қасымұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы, Есет , Жанғожа батырлар туралы, олардың ерліктері туралы толық мағлұмат берілді. Көтерілістің басты себебі қазақ жерін отарлау, қазақ жерін қоныс аударған орыс шаруаларына күшпен тартып әперу саясатының салдары еді . Мақсаты: 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың отаршылдыққа, ипериализмге қарсы сипатын түсіндіріп оның ұлт – азаттық соғысқа ұласқанын нақты деректермен ашып көрсету. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1052113238883602&id=100022548073225&__cft__[0]=AZV565sKz1ScypCwaK2MlR7Yp1Kf8619kfc4CAUKekoW5qVXiuRejsCHyoKn8XXs-N0MuoVVUfub1ap1jzotwGWIJdbC51opxJcW0EXwRxeHDg&__tn__=%2CO%2CP-R

"Жүрегі дархан асыл жандар"

Дата: 23.09.2021 Категория: Новости Просмотры: 54
2021 жылдың 20 қыркүйек күні Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс кітапханада жыл бойы жүргізіліп отырады. Осы орайда «Жүрегі дархан асыл жандар» тақырыбы аясында кітапхананың тұрақты оқырманы 2-топ мүгедегі Ускенбаев Имаш ағаның үйіне барып кітапханалық қызмет көрсетілді. Онда оқырманға кітапханаға жаңадан түскен көркем әдеби кітаптар апарылып, мерзімді басылымдар ұсынылды. Мақсаты: қоғамда өз орның жоғалтпайтын қазыналы қарттардың көңілін аулап, мерейін көтеру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ