Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Қоғам байлығы-жастардың денсаулығы»

Дата: 17.11.2021 Категория: Новости Просмотры: 57
2021 жыл 15 қараша күні Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалы «Қоғам байлығы-жастардың денсаулығы» атты видеоролик ұсынды. Мақсаты:Жас ұрпаққа “Қазақстан – 2030” бағдарламасының басты міндеттерінің бірі – салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы насихаттау, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. Оқушылардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, аурудың алдын–алуды үйрету, жаман әдеттен бойларын аулақ ұстауын, жасөспірімдерді санитарлық – гигиеналық талаптарға сай болуын қалыптастыру, дамыту. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.

«Спорт – өмір серігі»

Дата: 17.11.2021 Категория: Новости Просмотры: 61
Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалы 8 қараша 2021 жыл күніне орай «Спорт – өмір серігі» атты видеоролик назарларыңызға ұсынады. Мақсаты: Жасөспірімдерді спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір салтын ұстану туралы білімдерін арттыру. Денсаулық өмірдің тірегі екенін түсіндіру.Тәрбиеленушілердің салауатты өмір сүруге зиянды заттардан аулақ болуға үйрету. Оқушыларға ойлау, есте сақтау, танымдылық қасиеттерін, болашаққа деген көзқарастарын дамыту.Спортпен айналысу, таза ауада серуендеу, еңбек етуге тәрбие бере отырып, «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға тәрбиелеу. Дыбыстарды дұрыс және оның анық айтылуын, сөздерді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалау.

Жарқын бейне

Дата: 16.11.2021 Категория: Новости Просмотры: 52
2021 жылдың 16 қараша күні «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында № 11 мектептің 6 сынып оқушыларымен Қазақстанның халық ақыны Мәриям Хакімжанованың 115 жылдығына орай «Жарқын бейне» атты ақпарат сағаты өткізілді. М. Хәкімжанова өз жырларында Отан, өмір, бейбітшілік туралы үлкен азаматтық ой толғайды. Шара барысында ақынның өмір жолы туралы мәлімет беріліп, өлеңдері оқылды. Мақсаты: Мәриям Хәкімжанованың шығармашылығымен, қайраткерлік жолдарымен таныстыра отырып жас ұрпақты отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

«Менің отбасылық кітапханам»

Дата: 12.11.2021 Категория: Новости Просмотры: 56
Отбасындағы сыйласым әдептілік бастау екендігін ұғына білуге, бала бойында адамгершілік, имандылық тәрбиені қалыптастыру, мейірімділікке, сүйспеншілікке, ата – анасын кұрметтеуге баулу, оқушыларға кітапқа деген қызығушылығын ояту, кітапқа ұқыпты қарауға тәрбилеу мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде қараша айының 12 – ші жұлдызында «Менің отбасылық кітапханам» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара барысында кітапханашы Д.Ускенбаева оқырмандарға кітап көрмесіндегі жаңа әдебиеттермен қатар «Бүгінгі жастарға оқу керек кітаптар» атты айдармен берілген кітап сөресіндегі әдебиеттермен таныстырып, оқуға ұсыныс жасап өтті. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1085063302255262&id=100022548073225https://www.instagram.com/p/CWKLR1UqdYK/?utm_medium=copy_link

«Ұлттық ою-өрнектер»

Дата: 11.11.2021 Категория: Новости Просмотры: 52
Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі қараша айының 9-шы жұлдызында «Ұлттық ою-өрнектер» атты шебер қолдар сабағын ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: оқырманның шеберлігін көрсету, ою-өрнекпен жұмыс істеудің оңай тәсілін таба білу, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, балалардың қолөнер әдістемелерімен танысуға және шеберліктерін шыңдау. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1083184079109851&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CWDJkx-r1JJ/?utm_medium=copy_link
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ