Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Сұрақ-жауап

Дата: 29.12.2021 Категория: Новости Просмотры: 51
Құрметті оқырмандар! Жаңа жыл қарсанында сіздерге шағын ойынымыз бар. Жауабын ойланып отырайық

«Дархан даланың дүлділі»

Дата: 23.12.2021 Категория: Новости Просмотры: 51
2021 жылдың 23 желтоқсан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Талдықорған қаласының №14 орта мектеп-гимназиясының оқушыларымен қазақ әңгiмесiнiң қас шеберi, аудармашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері өлкемізден шыққан дарынды жазушы Сайын Мұратбековтың 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «Дархан даланың дүлділі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: жазушы Сайын Мұратбековтың шығармашылығы мен өмірі жайлы оқырмандарға насихаттау, проза, повесть, әңгімелеріне деген қызығушылықтарын арттыру, Сайын Мұратбеков шығармаларымен таныса отыра, кейіпкерлер арқылы өмір шындығының суреттелуін білу, тану. Олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін ұштау, тіл байлығын арттырып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Шара барысында оқушылар Сайын Мұратбеков жайлы ақпаратпен бөлісіп, оның «Ананың арманы» атты шығармасына талдау жасады.

’’Үздік оқырман’

Дата: 21.12.2021 Категория: Новости Просмотры: 48
Бүгін 21.12.21 күні Сәкен Сейфулин атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырған ’’Үздік оқырман’’ байқауына Талдықорған қалалық орталық кітапханасының атынан қатысқан оқырманымыз Болат Самал Талғатқызы Алғыс хатпен МАРАПАТТАЛДЫ. Шығар белесіміз, асар асуымыз әлі алдыда.

"Мәңгі болсын тәуелсіздік тұғыры"

Дата: 15.12.2021 Категория: Новости Просмотры: 49
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 14 желтоқсан күні Қазақтан Республикасының Тәуелсіздігініге 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мәңгі болсын тәуелсіздік тұғыры» деген атпен тарихи сағат өтті. Шараға арнайы кітапхананың тұрақты оқырмандары, зейнеткер ұстаз, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қыдыралыұлы Нұртай ата және ардақты ана, мәдениет саласында көп жылдар еңбек еткен, әжелер ансамбілінің жетекшісі, кітапхананың тұрақты оқырманы- Иешева Гүлшекер апай шақырылды. Шара барысында қонақтар тәуелсіздіктің өткен тарихына, қазіргі кездегі жеткен жетістіктері туралы айтып, жастарды жақсы оқып, білімді болуға шақырды. Шараның мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру.жастарды Отанды, елді, жерді сүюге, туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Тәуелсіздік қазақстан

Дата: 10.12.2021 Категория: Новости Просмотры: 48
Мойнақ ауылдық №6 кітапхана филиалында 2021жылы «Тәуелсіздік қазақстан» атты строителлниг 9 желтоқсан күні мектеп оқушыларымен өткізілді. 16 желтоқсан ата–бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 30 жыл толды.Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның бүгінгі құдіретті күші ел бірлігінде,ұлттар татулығында жатыр.Қазақстан үшін XXI ғасыр тарихының парағы парасат пен пайымға толы. Біздің стратегиялық міндетіміз ең бірінші тұрғындардың өмірінің сапасы мен тұрмыстық деңгейі көтеру болып табылады.Шараның мақсаты: Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың байлығын қорғау...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ