Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Біз бейбітшілік үшін Террорға қарсымыз»

Дата: 04.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 68
Ақпан айының 4 – ші жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі «Біз бейбітшілік үшін Террорға қарсымыз» атты слайд шоуын әлеуметтік желіде ұсынды. Мақсаты: оқырмандарға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру. Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1006343516793908&id=100022548073225https://www.instagram.com/tv/CRVWvlwnyNd/?utm_medium=copy_link

«Мақтан тұтар ұлы тұлға»

Дата: 04.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 67
Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі 2022 жылдың қаңтар айының 24-ші жұлдызында оқырмандар назарына көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай «Мақтан тұтар ұлы тұлға» атты онлайн ақпарат ұйымдастырды. Мақсаты: Аса көрнекті қоғам қайраткері, бір туар тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы түсініктерін кеңейту, ел үшін еңбек етуге, халқына адал болуға, ұлы тұлғаның ерліктері арқылы оқырмандарды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Ақпарат беру барысында кітапханашы М.Сапбек оқырмандарға Д.А.Қонаевтың өмір жолымен, еңбектерімен таныстырып өтті. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1132145520880373&id=100022548073225https://www.instagram.com/tv/CZJWTCklygW/?utm_medium=copy_link

«Біз қоршаған ортамен біргеміз»

Дата: 04.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 59
Қаңтар айының 20 –шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі «Біз қоршаған ортамен біргеміз» атты бейнеоролик ұйымдастырды. Мақсаты: Балаларға табиғат туралы түсінектерін қалыптастыру. Экологияның тірі табиғат үшін маңызын түсіндіре отырып, адам еңбегін бағалауға және табиғатты аялап, қорғауға тәрбилеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1129593927802199&id=100022548073225 https://www.instagram.com/tv/CY-rOhJlbHp/?utm_medium=copy_link

«Бала деп соққан жүрегі»

Дата: 04.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 55
Қалалық орталық балалар кітапханасы төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі қаңтар айының 19-шы жұлдызында әлемге әйгілі қонжық Винни және оның достары туралы әңгімелер авторы, британдық жазушысы Алан Александр Милннің туғанына 140 жыл толуына орай «Бала деп соққан жүрегі» атты әдеби тығылмақ ұйымдастырды. Мақсаты: Балаларға ертегіні көңілді қабылдауға үйрету, сахналап беруге талпындыру, кейіпкердің мінез - құлқын сезіндіру, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=909414623153465&id=100022548073225&sfnsn=mohttps: //www.instagram.com/tv/CLIhJTYn1j6/?igshid=1irfchjuwijms

"Мейірім шуағы"

Дата: 04.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 59
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік психологиялық бейімдеу арқылы заман талабына сай білім беріп қана қоймай, тәрбиелеп, оларды қоғам өміріне өз пайдасын тигізуге қабілетті тұлға ретінде қалыптастыру. Өзге азаматтармен тең құқылы түрде ақпарат алуына, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, оқуға деген құштарлықтарын оятуға ықпал ету, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, рухани демеу көрсету, кітапханамен дос болуға шақыру мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы Д. Ускенбаева қаламыздың Байсейітова көшесінде тұратын мүмкіндігі шектеулі 1-ші топтағы мүгедек Хапезова Айгерімді өз қамқорлығына алып , оның сұранысы бойынша үйіне түрлі түсті қызықты кітаптар мен журналдар апарып берді.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ