Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Ақын,ғалым,ғұлама"

Дата: 10.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 91
2022 жылы «Бір ел – бір кітап – 2022» республикалық акциясы аясында оқуға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын ұсыну бойынша Кітапхана қызметкерлері «Ақын,ғалым,ғұлама» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге қазақ тілі білімінің іргетасын қалаушы, ірі-ғалым, ағартушы – педагог, сөз құдіретін танытқан танымал ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері – Ахмет Байтұрсыновтың «Ақ жол», «Тіл тағылымы», «Маса», «Жоқтау» т.б. қаламынан туған шығармалары қойылды. Шара барысында кітапханашы Д.Ускенбаева ақынның жазған шығармалары мен еңбектеріне және мерзімді басылым беттеріндегі мақалаларға шолу жасап, оқырмандарға құнды мәліметтер ұсынды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1142391806522411&id=100022548073225

"Дара тұлға"

Дата: 10.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 52
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 10 ақпан күні аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторыДінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына байланысты «Дара тұлға» атты тарихи кеш кітапхана оқырмандарымен өткізілді. Мақсаты: Артында өшпес өз қалдырған, елге қызмет етіп, жасампаздықтың үлгілі өнегесін көрсеткен ірі тұлға қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың еңбек және өмір жолын насихаттау.

"Оқу,достық,шаттық"

Дата: 07.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 49
Ақпан айының 4-ші жұлдызында қалалық №2 кітапхана филиалында коворкинг орталығында «Оқу,достық,шаттық» атты ойын-сабақ ұйымдастырылды. Мақсаты: Мотивациялық жоспардағы қиыншылықтан өту үшін оқырмандарға қызықты оқу сабақтарын жүргізу, яғни арнайы оқу-дидактикалық түрде, дамушы ойындар арқылы, болған сабақ арқылы баланың оқуға деген қызығушылығының тууы және баланың шеберлігін дамыту. Өз күшіне деген сенімділігін арттыру .Бір–біріне деген достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.Ойын арқылы көңіл – күйлерін көтеріп, өздігінен жұмыс істеуге машықтандыру. Логикалық сұрақтарға толық жауап беріп,ойын әлемінде ойлау қабілеттерін дамыта отырып,ойнауға,кітап оқуға тәрбиелеу.

Коворкинг

Дата: 04.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 53
Құрметті оқырман қауым! Сіздерді Талдықорған қалалық орталық кітапханасына уақыттарынызды тиімді пайдалану үшін, тек кітап оқуға ғана емес сонымен қатар шахмат ойнауға шақырамыз.Біздің тұрақты оқырмандарымыз Жайдақбаев Тұрғайын және Абуханов Базарбай аталарымыз өздерінің уақыттарын біздің кітапханамызда газет оқып, шахмат ойнауға арнайды.

"Әнге ғашық жүрек"

Дата: 04.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 50
Биыл қаңтар айында әнші, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Парасат және Құрмет ордендерінің иегері Нұрғали Нүсіпжанов 85 жасқа толып отыр. Осыған орай Талдықорған қалалық орталық кітапханасы «Әнге гашық жүрек» атты видео ақпаратты назарларыңызға ұсынады. Қазақтың әйгілі композиторы, халық қаһарманы, КСРО халық артисі Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев Нүсіпжанов Нұрғалиға «Саржайлау», «Ақ құсым», «Балдызым», «Куә бол», «Әкеме», «Әжеме», «Жетісуым», «Қапшағай», «Келе жатыр құс қайтып» сынды жиырма шақты тамаша әндерді арнап жазған. Ол М.Маңғытаевтың «Сағыныш», Ә.Бейсеуовтың «Айнашым», «Мұңайма», «Аспан қызы», Қ.Қуатбаевтың «Қарындас», «Шолпаным», Т.Базарбаевтың «Қаздар қайтқанда» сияқты көптеген эстрадалық әндерін сахнаға алып шыққан.https://www.facebook...
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ