Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

КОВОРКИНГ

Дата: 16.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 74
Құрметті оқырмандар! В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы «Алау» коворкинг орталығына шақырады! Коворкинг деген не? Ағылшын тілінен аударғанда - бірге жұмыс істеу. Кітапханадағы коворкинг орталығын коммуникативтік алаң деп айтуға болады. Бұл жерде достарыңызбен бос уақытты бірге өткізіп, көптеген қызықты іс-шараларға: акциялар, мерекелер, шығармашылық кездесулер, шеберлік кластар, зияткерлік ойындарға және т.б. шараларға қатыса аласыз. Сондай-ақ, бұл өте маңызды - кітапхана ресурстарын: кітаптар, мерзімді басылымдар, аудио, бейне, ойындар пайдалану мүмкіндігіңіз бар.

Қазақтың бұлбұлы

Дата: 16.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 66
2022 жылдың 15 ақпан күні «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалы Фейсбук, ВК және Инстаграм желісіне КСРО мен Қазақстанның халық қаһарманы, кеңестің және қазақтың опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың 100 жылдығына орай « Қазақтың бұлбулы» атты бейнеслайд жүктеді. Мақсаты: Оқырмандарға Роза Бағланованың өмірі, еңбек жолдары туралы мәлімет беру

Ескелді би - тарихи тұлға

Дата: 16.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 53
2022 жылдың 3 ақпан күні «Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Еркін ауылдық № 3 кітапхана филиалында «Рухани жаңғыру» мақаласына орай «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы аясында кітапхана оқырмандарымен Ескелді бидің 330 жылдығына орай «Ескелді би – тарихи тұлға» атты тарихи сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға туған елінің тарихын, әдеби, мәдени мұрасын, салт – дәстүрін танып білуге ынта- ықыласын арттыру. Сөз қадірін түсінуге тәрбилеу. Артта қалған естелікті барлығымыз білуге міндеттіміз. Отанымыздың тарихында көптеген атақты және Ұлы есімдімдер бар, олардың беделі бүкіл халықты жаумен күреске шығарған, шығармашылықтары мен парасаттылықтары ұрпақтан ұрпаққа өнеге болған, халық данқына бөленген. Артта қалған естеліктің ізінде ата-бабаларымыздың тамыры мен тарихы терең, білімі, өнері мәңгі өшпес. Болашақ ұрпақ өзінің тарихын білгені, түсінгені, құрметтеуі абзал.

"Қазақстан-2050" стратегиясы- қарыштап даму стратегиясы

Дата: 16.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 58
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.Отанын, туған жерін қорғай білуге, ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы ақпан айының 16-шы жұлдызында «Қазақстан -2050» стратегиясы қарыштан даму стратегиясы атты ақпарат сағатын ұйымдастырды.Шара барысында кітапханашы Д.Ускенбаева оқырмандарға Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы жайлы,мықты мемлекеттің,дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру туралы айтып өтті. https://www.instagram.com/p/CaBdWdbKnoV/?utm_medium=copy_link

"Ауған-сөнген шоқ, өшкен арман"

Дата: 15.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 67
Ауған соғысы – Кеңес Одағы тұсындағы тарихтың ең қайғылы беттерінің бірі. 1979 жылы 12 желтоқсанда Кеңес Одағы басшыларының шағын тобы Ауғанстанға кеңес әскерін енгізу туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, 1979 жылы 27 желтоқсанда КСРО әскерлері Ауғанстан шекарасынан өтіп, онда 1989 жылдың 15 ақпанына дейін соғыс қимылдарын жүргізді. Кеңес әскелерінің жекелеген бөлімшелері Ауғанстан аумағынан шыға бастауы өте күрделі операция еді. Он жылға жуық бөтен елдің мүддесін қорғаған Ауғаныстан әскерлері құрамында Қазақстаннан 22269 жауынгер интернациональдық міндетін атқарды. Олардың 924-і сұрапыл шайқаста ерлікпен қаза тапты, 21 адам хабар-ошарсыз кетті, мыңдаған азаматтар елге мүгедек болып оралды. Қаншама қазақстандық отбасына қасірет әкелген Ауған соғысы біз үшін осылай аяқталған болатын. Сондықтан елімізде жыл сайын он жылға жуық созылған соғыста қаза болған ардагерлерге тағзым етіп, еске алады. Кеңес әскелерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына биылғы жылы 33 жыл толды.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ