Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Жүрек жылуы"

Дата: 18.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 54
Заманауи қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік бейімделуі мен олардың тұлғалық үйлесімде дамып өсуіне ат салысу, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытумүмкіндігі шектеулі жандардың өзге азаматтармен тең құқылы түрде ақпарат алуына, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, оқуға деген құштарлықтарын оятуға ықпал ету мақсатында Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалының кітапхана қызметкерлері қаламыздың 2-ші шағын ауданында тұратын мүмкіндігі шектеулі Курпатаев Бахтиярды өз қамқорлықтарына алып, сұранысы бойынша ақпан айының 18 күні үйіне кітап жеткізіп берді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1147531022675156&id=100022548073225

Қазақ әдебиетінің майталманы

Дата: 18.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 52
Аса көрнекті қазақ жазушыларының бірі, прозаның жұрт таныған шебері. Қазақ халқының тарихи тағдыры туралы жазылған Ғабит Мүсіреповтың туғаныны 120 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2022 жылы 10 қазан күні «Қазақ әдебиетінің майталманы» атты вертуалды көрмені назарларыңызға ұсынамыз. Мақсаты: Сөз зергері, ұлттық сөз өнері тарихындағы зор тұлға - Ғабит Мүсіреповтың өмірі мен шығармаларын көпшілік оқырмандарға насихаттау. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1142484193179839&id=100022548073225

Қазақтың бұлбұлы-Күләш Байсейітова

Дата: 18.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 65
Қазақтың атақты әншісі, әрі артисі, қазақ опера өнерінің негізін салаушылардың бірі Күләш (Гүлбахрам) Байсейітованың туғанына 110 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен «Қазақтың бұлбұлы-Күләш Байсейітова» атты бейнероликті әлеуметтік желі қолданушылардың назарына ұсынып отырмыз. Мақсаты: Қазақтың әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі Күләш Байсейітова өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, әуелеп салынған әннің құдіреттілігін сезіндіру, өнерге дегнен сүйіспеншіліктерін арттыру. Қамшының сабындай ғана ғұмырында үлкен жетістіктерге жеткен әнші өмірін үлгі тұту. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1147326679362257&id=100022548073225

«Қазақ театр өнерінің заңғар тұлғасы»

Дата: 17.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 55
В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы Қазақстанның халық әртісі, атақты актриса Хадиша Бөкееваға 105 жыл толуына орай «Қазақ театр өнерінің заңғар тұлғасы» атты ақпарат толқынын ұсынады. Мақсаты: аса дарынды актриса, көрнекті өнер қайраткері Хадиша Бөкееваның өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат беру, өзінің саналы ғұмырында жасындай жарқылдап, нөсердей төгіпөткен тума дарынның соңында өшпес мұраларын насихаттау.«Қазақ театр өнерінің заңғар тұлғасы»

Дәуірдің жарық жұлдыз

Дата: 16.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 53
«Талдықорған қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне» қарасты Еркін ауылдық #3 кiтапхана филиалында 2022 жылдың 16 ақпан күні қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түрiктанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай кiтапхана окырмандарымен "Дәуiрдiң жарық жұлдызы" атты таным сағаты өткізілді. Шара мақсаты: Оқырмандарды А.Байтұрсыновтың өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ