Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Кім жылдам, кім жүйрік?»

Дата: 23.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 56
Ақпан айынның 23 жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасы 2022 жыл – «Балалар жылы» аясында № 18 орта мектебінің 3 сынып оқушылары арасында «Кім жылдам, кім жүйрік?» атты жылдам оқу сайысын ұйымдастырды. Сайыстың нәтижесінде 124 сөз оқып 1 орынды иеленген Есентуров Айтуармен 2, 3 орынды иеленген Сержанқызы Жанел және Набиәлі Алхар марапатталып, қалған қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Шараға 15 оқырман қатысты.

«Жетісу ғажайыптары»

Дата: 22.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 62
Оқырмандарды Жетісу өлкесінің керемет жерлерімен, әсем табиғаттарымен таныстырып, табиғатқа, туған жерге деген қызығушылығын арттырып, тәрбиелеу мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі ақпан айының 22 – шы жұлдызында Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, «Жетісу ғажайыптары» атты саяхат сабағын ұйымдастырды. Шара барысында бөлім меңгерушісі Т. Құрманғалиева оқырмандарды «Жетісу табиғаты», «Жетісу Алатауы», «Алматы облысының шөл даласы», «Алматы облысы самғау биіктен», «Алакөл», «Талдықорған» атты фотоальбоммен және «Қазақстан табиғаты» атты энциклопедияларымен таныстырып, Жетісу өлкесінің тамаша көркімен тамсандыратын әсем табиғаты туралы айтты. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1150037735757818&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CaQ9Q0DNtvT/?utm_medium=copy_link

Тез оқуды үйреніңіз

Дата: 21.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 62
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Қазақстандағы балалар жылы» деп жариялаған болатын. Осы орайда 21 ақпан күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасы «Тез оқуды үйреніңіз» атты жылдам оқу сайысын ұйымдастырды. Сайыс «Зум» бағдарламасы арқылы 4 сыныптар арасында өткізілді. 1 жүлделі орынды-Мойнақ ауылдағы №23 мектептің оқушысы Нұрланұлы Дәулет иеленді. 2 жүлделі орынды Өтенай ауылындағы №21 мектептің оқушысы Маусымбек Құралай иеленді. 3 жүлделі орынды №2 орта мектептің оқушысы Бейсенова Амина иеленді. Барлық қатысушылар мен жетекшілерге алғыс білдіреміз.

«Мүмкіндігі шектеулі балаларға кітап жеткізу»

Дата: 18.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 64
Мүмкіндігішектеуліоқушылардың бойларындағы қабілетін аша білу, бірі – бірімен жақсы қарым-қатынаста болуын қалыптастыру, жан- жақтылыққа, өздігінен еңбектенуге үйрету, оқуға деген құштарлықтарын оятуға ықпал ету мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасының кітапханашылары ақпан айының 18 – ші жұлдызында Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп – интернатының оқушыларына түрлі – түсті суретті кітаптармен журналдарды апарып беріп, оқушыларға көтерінкі көңіл күй сыйлады. Шара соңында мекеме қызметкерлері мен оқушылар кітапхана қызметкерлеріне шексіз алғыс білдірді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1147688572659401&id=100022548073225https://www.instagram.com/p/CaHcRvTLKV2/?utm_medium=copy_link

«Табиғатым – аманатым»

Дата: 18.02.2022 Категория: Новости Просмотры: 72
Оқырмандарды табиғат құндылығының маңыздылығын, табиғат пен адамның қатынасының үйлесімділігін, табиғат байлықтарын бағалауға, сақтауға, табиғатты аялай білуге, қамқорлықпеп қарай білуге тәрбилеумақсатындаақпан айының 18 – жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі«Табиғатым – аманатым»атты сұрақ – жауап кітап көрмесін ұйымдастырды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1147523682675890&id=100022548073225https://www.instagram.com/tv/CaGr4xyAMIQ/?utm_medium=copy_link
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ