Знаменательные даты

< Июнь / 2025 >
ПнВтСрЧтПтСбВс

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Сөздіктер біздің көмекшіміз»

Дата: 30.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 70
Оқырмандардың кітапханалық – библиографиялық білімдерін насихаттау. Сөздіктерді, энциклопедияларды дұрыс пайдалануға үйрету, олардың алуан түрлерін көрсету, оқушылардың сөздіктерді пайдалану негізінде дағдыларымен шеберліктерін қалыптастыру мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі наурыз айының 30 – шы жұлдызында «Сөздіктер біздің көмекшіміз» атты библиографиялық сабақ ұйымдастырды. Шара барысында кітапханашы М.Сапбек оқырмандарға сөздіктердің пайдасы мен түрлері туралы кеңінен түсіндіріп, сөздіктер мен энциклопедиялардың бір бірінен айырмашылығын ашып айтып берді. Библиографиялық сабаққа 12 оқырман қатысты. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1173581730070085&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/Cbt0A-jtOvS/?utm_medium=copy_link

«Демеушілерден кітап»

Дата: 30.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 75
Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі наурыз айының 30 – шы жұлдызында халықтың рухани байлығын дамытып, оқырман мен кітапхана арасын нығайту мақсатында «Демеушілерден кітап» атты челлендж ұйымдастырып, қалалық №2 кітапхана филиалына жолдады. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1173569470071311&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/Cbtv0k9tl28/?utm_medium=copy_link

"Маржан сөздің зергері"

Дата: 25.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 58
Биыл қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің туғанына 120 жыл. Осы орайда, Наурыз айының 24-ші жұлдызында Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы «Маржан сөздің зергері» атты ұсыныстық көрме ұйымдастырды. Ғабит Мүсіреповтің жырларының ең басты екі тірегі — туған ел мен жерге деген ыстық махаббаты және қоғамдағы, өмірдегі қайшылықтар мен әділетсіздіктерге, адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлігі. Оқырмандарға кітапхана қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның шығармалары мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары ұсынылды. Көрменіңмақсаты - ақынның шығармашылығын дәріптеу, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1170296130398645&id=100022548073225

Мақал сөздің мәйегі

Дата: 25.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 61
2022 жылдың 25 наурыз күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Талдықорған қаласының «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен «Мақал-сөздің мәйегі» атты қазақ мақал-мәтелдеріне арналған тапқырлар сайысы ұйымдастырылды. Аталмыш іс шара ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету , сөз өнері арқылы дүниетанымдарын кеңейту, даналыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді

Коворкинг

Дата: 24.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 49
Қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі наурыз айының 24 жұлдызында оқырмандарға достарымен бос уақыттарын бірге өткізіп, көптеген қызықты іс – шараларға қатысу мақсатында коворкинг орталығында жұмыстар ұйымдастырды. Шара барысында оқырмандар өздерінің сүйікті ісімен айналысып, шахмат, дойбы ойнап, түрлі – түсті кітаптар мен журналдар оқып, бос уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізді. Шараға 17 оқырман қатысты.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ