Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол"

Дата: 15.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 59
2022 жылдың 15 наурыз күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Талдықорған қаласының гуманитарлық – техникалық колледжінің білімгерлерінің қатысуымен «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» атты пікір алмасу сағаты өткізілді. Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Студенттердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Ана - өмірдің шырағы

Дата: 15.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 52
Еңбек ауылдық кітапханасында 2021 жылдың наурыз айының 4 жұлдызында «Ана өмірдің - шырағы» атты библио-кофе ұйымдастырылды. Шараға ауылдың ақ жаулықты аналарын қонаққа шақырып, аналарға дастархан жасап, шағын силықтарымызды беріп, оқушылар тақпақтарын, әндерін тарту етті. Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ақ жаулықты әжелерді, асыл жанды аналарды мерекемен құттықтау.

"Жаңа кітаптар"

Дата: 11.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 49
В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының кітапханашысы кітапхана қорына түскен жаңа кітаптармен оқырмандарды таныстырды.

«Сиқырлы аппликация»

Дата: 11.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 72
Оқушылардың аппликация туралы ұғымын кеңейту, аппликацияны бейнелеуге қажетті құралдармен жұмыс жасаудың әдіс – тәсілдерімен таныстырып, бейнелеу іс – әрекеттерін меңгеруге баулу мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі наурыз айынның 11 жұлдызында «Сиқырлы аппликация» атты шебер қолдар сабағында үйірме мүшелері «Қызыл телпек» ертегісінің кейіпкерін түрлі – түсті қағаздардан жасады. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1161219627972962&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/Ca9ND6QtLfK/?utm_medium=copy_link

«Кітапхана –рухани байлық ордасы»

Дата: 10.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 51
Қалалық орталық балалар кітапханасы наурыз айының 10-шы жұлдызында Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп – интернатының 1 – 5 сынып аралығындағы оқушылармен «Кітапхана –рухани байлық ордасы» атты библиографиялық сабақ ұйымдастырды. Мақсаты: Бүгінгі күнгі жас оқырманның жүрегіне тікелей саралы жол табу, оқырманның талабын қанағаттандыру. Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беріп, қызығушылығын арттыру, кітапты сүюге баулу, күтіп ұстау ережелерін үйрету. Сабаққа 78 оқушы қатысты. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1160512584710333&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/Ca6SPsUtfuA/?utm_medium=copy_link
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ