Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Маржан сөздің зергері"

Дата: 25.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 57
Биыл қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтің туғанына 120 жыл. Осы орайда, Наурыз айының 24-ші жұлдызында Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы «Маржан сөздің зергері» атты ұсыныстық көрме ұйымдастырды. Ғабит Мүсіреповтің жырларының ең басты екі тірегі — туған ел мен жерге деген ыстық махаббаты және қоғамдағы, өмірдегі қайшылықтар мен әділетсіздіктерге, адам қолымен жасалған қиянаттарға қарсы күрескерлігі. Оқырмандарға кітапхана қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның шығармалары мен мерзімді басылым беттеріндегі мақалалары ұсынылды. Көрменіңмақсаты - ақынның шығармашылығын дәріптеу, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1170296130398645&id=100022548073225

Мақал сөздің мәйегі

Дата: 25.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 60
2022 жылдың 25 наурыз күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Талдықорған қаласының «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен «Мақал-сөздің мәйегі» атты қазақ мақал-мәтелдеріне арналған тапқырлар сайысы ұйымдастырылды. Аталмыш іс шара ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету , сөз өнері арқылы дүниетанымдарын кеңейту, даналыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілді

Коворкинг

Дата: 24.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 48
Қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі наурыз айының 24 жұлдызында оқырмандарға достарымен бос уақыттарын бірге өткізіп, көптеген қызықты іс – шараларға қатысу мақсатында коворкинг орталығында жұмыстар ұйымдастырды. Шара барысында оқырмандар өздерінің сүйікті ісімен айналысып, шахмат, дойбы ойнап, түрлі – түсті кітаптар мен журналдар оқып, бос уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізді. Шараға 17 оқырман қатысты.

"Нұр Наурыз жарылқасын,бақ дәулет арылмасын"

Дата: 24.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 45
Талдықорған қалалық №2кітапхана филиалында 22-наурыз Бірлік пен берекенің, тоқшылық пен молшылықтың басы Ұлыстың ұлы мерекесі күніне орай «Нұр Наурыз жарылқасын,бақ дәулет арылмасын» атты этно-әдеби кеш ұйымдастырылды. Шара барысында кітапхана қызметкері Д.Ускенбаева Наурыз - қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы туралы айтып,Қазақтың салт дәстүрлері мен ырым – тыйымдары туралы түсінік берді. Сондай-ақ кеште дарынды жастар мерекеге арналған өлеңдерін мәнерлеп оқып, көпшілікті тәнті етті. Мақсаты:«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай оқырмандарды адамгершілікке, елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=11...

«Қош келдің, әз Наурыз!»

Дата: 18.03.2022 Категория: Новости Просмотры: 51
Наурыз айының 18 – шы жұлдызында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік дастархан ұйымдастырды. Мақсаты: Оқырмандарға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Шара барысында кітапханашы М.Сапбек Наурыз айының шығыс халықтарында жыл басы саналатындығын балаларға жеткізіп, Наурыздың 22 – сінде күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күннің ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндірді. Сонымен қатар, оқырмандарға Наурыз мерекесін қалай атап өтетіндігін таныстырып, мерекеге арналып жайылған Ұлттық тағамдарымыздан дәм татқызды. Оқырмандар Наурыз мейрамына арналған өлең шумақтарын айтты. Шараға 28 оқырман қатысты.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ