Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Кітап ғажайып дос»

Дата: 22.04.2022 Категория: Новости Просмотры: 60
23 сәуір дүниежүзілік кітап және авторлық құқығының қорғау күніне орай сәуірдің 22 жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сыныпқа қызмет көрсету бөлімінде Талдықорған қаласының облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп – интернатының оқушыларымен бірге «Кітап ғажайып дос» атты саяхат сабағы өткізілді. Мақсаты: Кітап – сарқылмас рухани қазына дей келе, оқушыларға білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру, оқулықты күтіп ұстауға үйрету. Шараға 25 оқушы қатысты. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1188624705232454&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CcpqKTJLYpY/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

"Кітап-асыл қазына"

Дата: 21.04.2022 Категория: Новости Просмотры: 53
2022 жылдың 21 сәуір күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында «Облыстық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп интернаты» оқушыларының қатысуымен «Кітап-асыл қазына» атты викториналық ойын өткізілді.

«Қазақ жерін мекендеген алып жануарлар»

Дата: 21.04.2022 Категория: Новости Просмотры: 57
Қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөліміндесәуір айының 21 – ші жұлдызында «Қазақ жерін мекендеген алып жануарлар» атты ақпарат сағатың ұйымдастырды.Мақсаты: 3D кітаптарымыздың көмегімен кеңейтілген шындық технологиясын қолдана отырып, оқырмандарды оқумен дамуға қосымша ынталандыру, сонымен қатар өздерін шығармашылық жағынан көрсету. Оқырмандарға кітап беттерінен ондағы QR – кодтарға басып виртуалды әлемнің 3D анимацияларына және қарапайым VR көзілдіріктерінің көмегімен өздері бұрын оқыған кітаптардан ғажайып әлемге саяхат жасауға мүмкіндік беру. Шараға 36 оқушы қатысты.

«Наш любимый Айболит»

Дата: 20.04.2022 Категория: Новости Просмотры: 60
Қалалық орталық балалар кітапханасы төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі сәуір айының 19 – шы жұлдызында орыс жазушысы, әдебиеттанушы, аудармашы, балалар жазушысы Корней Иванович Чуковскийдің туғанына 140 жыл толуына орай «Наш любимый Айболит» атты ертегітерапия ұйымдастырды. Мақсаты: Көркем әдебиетке деген оқушылардың сүйспеншілігімен қызығушылығын арттыру, әдеби кейіпкерлер дүниесімен тереңірек таныстыру, дүниетанымдарын кеңейту, ой – ұшқырлығына, білімпаздыққа, ұйымшылдыққа, ізденгіштікке, кішіпейілділікке, адамгершілікке тәрбилеу. Шара барысында кітапханашы Л.Дайрабаева оқушыларды К.И.Чуковскидің өмірбаянымен таныстырып, балалармен жазушының шығармалары бойынша викторина өткізді. Шараның соңында балалар өздерінің Корней Иванович Чуковскийді жақсы білетіндігін көрсетіп «Мойдодыр», «Айболит », «Телефон», «Муха – Цокотуха» ертегілерінің мазмұнын айтып берді....

«Кітап – ғажайып дос»

Дата: 20.04.2022 Категория: Новости Просмотры: 60
18 сәуір күні қалалық орталық балалар кітапханасы Сіздердің назарларыңызға Алматы облысы әкімінің қолдауымен жарық көрген балаларға арналған жергілікті ақын – жазушылардың әңгімелері, ертегілері, өлеңдері енгізілген кітаптарды кітапханамыздың тұрақты оқырмандары Муслим, Қымбат, Айым насихаттады. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1185981585496766&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CcersHXtklV/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ