«Журналияның елінде»
Дата: 26.04.2022
Категория: Новости
Просмотры: 50
Қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде сәуір айының 26 – шы жұлдызында Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп – лицейінің 5 сынып оқушыларымен «Журналияның елінде» атты библиографиялық сабақ ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушыларды журналдарды қолдануды үйрету, мәдениеттілікке тәрбиелеу, сөздік қорларын дамыту, түсініп мәнерлеп оқу, ойлау, жазу, сөйлеу, оқушылардың ой – өрісін дамыту. Сабақ барысында кітапхана меңгерушісі Ф.Жакупова оқушылармен қызықты хабарламалар сағатын өткізді. Балалар «Ұлан», «Дружные ребята», «Бала би», «Алақай, балақай», «Жыл – он екі ай», «Мысль» және басқада журнал беттеріне саяхатқа аттанды. Ашық және түрлі – түсті басылымдар оқырмандардың назарын баурап, шынайы қызығушылық оятты. Балалар көптеген жаңа білімдер алып, суреттерді қызықтап, бір – бірімен өз әсерлерімен бөлісті. Сабаққа 25 оқушы қатыст...