Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

"Қазақстан бірлік пен ынтымақтың ордасы"

Дата: 03.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 178
Мамыр айының 3-ші жұлдызында Талдықорған қалалық №2 кітапхана филиалы Заң колледжінің 1-курс студенттерінің қатысуымен Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша «Қазақстан бірлік пен ынтымақтың ордасы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Шара барысында кітапхана қызметкері Е.Шестова Қазақстан халықтарының бірлік, ынтымақ күнімен шын жүректен құттықтап,біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келетіндігі жайлы айтып өтті. Мақсаты: 1 - мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқырмандарға жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі – өнегесі жайлы оқырмандарға түсіндіру. https://www.instagram.com/p/CdF0A-NrNKg/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

1 мамыр -Қазақстан халықтарының бірлігі күніне құттықтау

Дата: 03.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 58
Қазақтың байтақ даласы бүгінде 130 - дан артық ұлт өкілдеріне ортақ отан болып тұр. Сол себепті де 1 мамыр – халқымыздың бірлігі күні болып есептеледі. Осы мерекеге орай сәуір айының 29 күні қалалық №2 кітапхана филиалының оқырмандары мерекелік құттықтау сөз бен өлең шумақтарын ұсынды. Мақсаты, ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір - біріне деген сый - құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау. https://www.instagram.com/tv/Cc7P1hRAh2K/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

"Демеушіден кітап"

Дата: 03.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 201
«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адам үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз. Осы орайда сәуір айының 29 күні қалалық №2 кітапхана филиалы қалалық орталық балалар кітапханасынан «Демеушіден кітап»атты челленджді қабылдап,№3 кітапхана филиалына жолдады. Мақсаты:халықтың рухани байлығын дамытып, кітапхананың кітап қорын әдебиеттермен толықтыру, оқырман мен кітапхана арасын нығайту және білімді де мәдениетті болып тәрбиеленуіне үлес қосып, жастардың кітап оқуы үшін оларды кітапханаға тарту. https://www.instagram.com/p/Cc91ezcto0Q/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

"Қайырымдылық жайында"

Дата: 03.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 218
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету – бүкіл әлемде ерекше мән берілетін мәселе. мүмкіндігі шектеулі жандарға ақпараттық қолдау көрсету, өмір сүру сапасын жақсарту, сұраныстағы кітаптарды таңдауға көмектесу, ұсыну және осы топ оқырмандарының қоғамдық мекемелермен әлеуметтік байланыс орнату мақсатында сәуір айының 21 күні қалалық №2 кітапхана филиалы «Қайырымдылық жайында» атты ақпарат сағатын ұйымдастырды. Шара барысында кітапхана қызметкері Е. Шестова мүмкіндігі шектеулі Ли Дениске әдебиеттердің тізімін ұсынып,оқылған кітап туралы әңгімелесіп,қайырымдылық жайында ақпарат берді. https://www.instagram.com/p/CcmZ4JeKIql/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

"Кітаппен дос бол"

Дата: 03.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 55
Кітап-рухани қазына, өмір айнасы, оқу-тәрбие құралы. Кітап-адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Сондықтан 1995 жылдан бастап, « 23 сәуір- бүкілдүниежүзілік кітапжәне авторлық құқықты қорғаукүні» деп жарияланды. Осы мерекеге орай қалалық №2 кітапхана филиалы сәуір айының 22-ші жұлдызында «Кітаппен дос бол» атты кітап көрме жәрмеңкесін ұйымдастырды.Мақсаты:Көпшіліктің назарын оқуға, кітапқа аудару, оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларғакітаптың жасалу жолы туралы түсінік беру.Зейінін шоғырландыру, шығармашылық қабілетін,тіл байлығын,ой-өрісін дамыту.Оқулықты құрметтей білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу. https://www.instagram.com/p/CcpY9sTtnQP/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ