Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Балалар энциклопедиясы»

Дата: 11.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 60
Оқушыларды анықтамалық кітаптармен таныстыру, энциклопедияларға, сөздіктерге, анықтамалықтарға қызығушылық ояту, оларды қолдана білуге, анықтамалық туралы материалдарды ұсыну, олармен жұмыс істеуге үйрету мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 2022 жылдың мамыр айының 11 жұлдызында № 18 орта мектептің 3 «А» сынып оқушыларының қатысуымен «Балалар энциклопедиясы» атты библиографиялық сабақ ұйымдастырылды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1201442430617348&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CdZ3m_zqGah/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

«Еңсесі биік Ұлы Жеңіс»

Дата: 06.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 163
9 мамыр Жеңіс күніне орай 2022 жылдың мамыр айының 6 күні қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі «Еңсесі биік Ұлы Жеңіс» атты патриоттық сабақ өткізді. Мақсаты: Оқырмандарды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Шара барысында кітапханашы М.Сапбек оқырмандарға ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын, қорғап қалған Ұлы Отан соғысына қатысқан Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдулин, Талғат Бигелдинов т.б. батырлардың ерлігі туралы айтты. Оқушылар Жеңіске байланысты патриоттық өлеңдерін оқыды. Шараға 12 оқырман қатысты. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1198070750954516&id=100022548073225https://www.instagram.com/p/CdNvM4OLGtD/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

"Ел қорғаны -қарулы күштер"

Дата: 06.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 142
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Ел қорғаны-қарулы күштер» атты патриоттық сағат Даңқ обелискісінің жанында өтті. Онда жастарға тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміз туралы мәлімет берілді. Мақсаты: жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу

"Желбіре, жеңіс жалауы"

Дата: 06.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 190
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 2022 жылдың 6 мамыр күні қаһарман қазақ қызы - Кеңес Одағының Батыры, аға сержант, пулеметші қыз Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына орай «Желбіре, жеңіс жалауы» атты фото шежіре кітапхананың жас оқырмандарымен өтті. Мақсаты: тарихта есімін қанмен жазып кеткен қазақтың қайсар қызы Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерлігі туралы насихаттау.

«Егеменді ел қорғаны – қарулы күштер»

Дата: 05.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 66
Оқырмандардың Қазақстандағы Қарулы күштер туралы түсініктерін қалыптастыру, әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы және міндетін өтеу парыз екенін түсіндіру. Отаның, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу мақсатында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімі 2022 жылдың мамыр айының 5 жұлдызында А.С.Макаренко атындағы № 6 орта мектептің 5 «Ә» сынып оқушыларымен «Егеменді ел қорғаны – қарулы күштер» атты ақпарат сағатын ұйымдастырды. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1197269571034634&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CdKt71xtqkp/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ