Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

Мамандық таңдап көрейік

Дата: 19.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 62
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында 2022 жылдың мамыр айының 14 жұлдызында «Мамандық таңдап көрейік» атты дублер шоу №22 мектептің оқушылары арасында өтті. Кітапханашы Н.Албиланова балаларға, мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз екенін. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау… Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс болатынын. Мамандықты таңдау үшін, адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет екенін айта отырып, көптеген қазіргі таңда қажеттілігі жоғары мамандықтарға тоқталып өтті. Мақсаты: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз-өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.

"Әлемді кітаппен танимын"

Дата: 19.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 58
2022 жылдың 19 мамыр күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында мүмкіндігі шектеулі балаларға «Әлемді кітаппен танимын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітаптарға шолу жасалды. Мақсаты: оқырмандарды кітап оқу өнеріне, дүниетанымын кеңейтуге, білімдерді сарқып білуге, көркем шығармалардың тамашалығын сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, оқыған кітаптары жайлы бір-біріне айтып, қызықтыруға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты пайдалануға баулу.

"Жемқорлық індет-аластау-міндет"

Дата: 18.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 70
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 17 мамыр күні кітапхана оқырмандарымен «Жемқорлық індет- аластау міндет» деген тақырыпта ақпарат сағаты өтті. Онда оқырмандарға Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін, қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – ол сыбайлас жемқорлық туралы, оның- ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс екені айтылды

Егемен ел қорғаны - Қарулы күштер

Дата: 18.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 62
Еңбек ауылдық №4 кітапхана филиалында мамыр айының6 жұлызында ҚР Қарулы күштерінің құрылғанына - 30 жыл толуына орай «Егеменді ел қорғаны – Қарулы күштер» атты танымдық сағат №22 мектептің оқушылары арасында өтті. Кітапханашы Н.Альбиланова балаларға ҚР Қарулы Күштерінің басты мақсаты – елдің егемендігін, аумағының тұтастығын, экономикасын, мемлекеттік институттары мен азаматтарын соғыс қатерінен қорғау, жаугершілік немесе әскери қақтығыстар туғызудың алдын алу екені туралы шағын мәлімет оқыды. Оқушылар тақпақтар оқыды, Отан, батырлар туралы мақал- мәтелдер айтты. Мақсаты: Балаларда Қазақстандағы Қарулы күштері туралы түсінік қалыптастыру, Әрбір азаматтың Отан алдындағы борышы және міндетін өтеу парыз екенін түсіндіру. ҚР - сының Қарулы Күшінің тарихи кезеңдерін білу. Қарулы күштердің мемлекетімізді сыртқы жаудан қорғау үшін қажет екенін түсіндіру;

«Рәміздерім – мақтанышым»

Дата: 17.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 179
2022 жылдың мамыр айының 17 күні қалалық орталық балалар кітапханасы Қазақстан Республикасының Рәміздеріне 30 жыл толуына орай «Рәміздерім – мақтанышым» атты челленджді В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасынан қабыл алып қалалық № 2 кітапхана филиалына жолдады. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1205640576864200&id=100022548073225https://www.instagram.com/tv/Cdpy9M_g0cT/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ