Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Молықбай ата кім болған?

Дата: 20.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 143
Қобызшы,бақсы,ақын,жырау,композитор, кеңестіксаяси қуғын-сүргінқұрбаны болған, өнерпаздық, емшілік қасиеттері әкесінен дарығанБайсақұлы Молықбай атамыздың туғанына 165 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2022 жылы 16 наурыз күні «Молықбай ата кім болған?» атты ақпарат сағаты өтті. Іс-шара барысында: кітапханашы К.Жұмаділқызы Молықбай қобызшы туралы кең көлемде мағұмат берді. Оның “Жезкиік”, “Бозінген”, “Аққу”, “Құдіреттің құсы”, “Желмая”, “Ақсақ құлан” күйлерін қобызға түсіріп елге таратқан. Кеңес заманында Қазақ елінде қалған жалғыз қобызшы. Сондай-ақ, Қорқыттың артында қал­ған өлмес мұрасының жалғастырушы. Мақсаты: тарихи тұлғаның артында қалдырған мұраларын көпшілік оқырман қауымға насихаттау. Шараға 15 адам қатысты. ttps://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1164712510957007&id=100022548073225

Ана - өмірдің шуағы

Дата: 20.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 53
8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2022 жылы 5 наурыз күні «Ана - өмірдің шуағы» атты қонақжай кеші өтті. Іс-шара барысында мерекенің шымылдығын «Көңіл толкыны» күйімен ашып, жүректі тербер әсем әндер орындалды, аналарға арналған ақындардың өлең шумақтарын мектеп оқушылары жатқа мәнерлеп оқыды. Мақсаты: Балалардың бойында ізгілік, инабаттылық, ананы құрметтеуге, сыйлай білуге, мейірімділікке, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1157429278351997&id=100022548073225

Алғыс айту – парызым!

Дата: 20.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 64
1наурыз-Алғыс айту күніне орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2022 жылы 28 ақпан күні «Алғыс айту – парызым!» атты строителлинг мектеп оқушыларының қатысуымен өтті. Іс-шара барысында кітапханашы К.Табылдинова өзге ұлттардың қазақ жеріне қалай қоныс тепкендерін, оларды қазақ елінің қонақжайлылықпен қарсы алғанын, бүгінде Қазақстан олардың Отаны болып кеткенін айтып берді. Сондай-ақ, кітапхананың белсенді оқырмандары ақындардың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Мақсаты: Ата-анаға, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынастарын дамыту. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір - бірімен үйлесімді қарым-қатынас жасай білуге үйрету. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1154553461972912&id=100022548073225

Қазақтың бұлбұлы-Күләш Байсейітова

Дата: 20.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 64
Қазақтың атақты әншісі, әрі артисі, қазақ опера өнерінің негізін салаушылардың бірі Күләш Байсейітованың туғанына 110 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2022 жылы 18 ақпан күні «Қазақтың бұлбұлы-Күләш Байсейітова» атты бейнероликті әлеуметтік желі қолданушылардың назарына ұсынып отырмыз. Мақсаты: Қазақтың әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі Күләш Байсейітова өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, әуелеп салынған әннің құдіреттілігін сезіндіру, өнерге дегнен сүйіспеншіліктерін арттыру. Қамшының сабындай ғана ғұмырында үлкен жетістіктерге жеткен әнші өмірін үлгі тұту. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1147326679362257&id=100022548073225

«Тарихтан тағылым, өткенге тағзым»

Дата: 19.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 64
2022 жылдың мамыр айының 19 – шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 31 – мамыр қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым, өткенге тағзым» атты еске алу кеші ұйымдастырылды. Мақсаты: ХХ ғасырдағы қазақ баласының басына түскен сұмдық алапат, қанды қырғын, қазақ даласын адам қанымен суарған қатыгез қасапшылық, саяси репрессия құрбандарын еске алу және оқушыларға елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1206972676730990&id=100022548073225https://www.instagram.com/p/CdvDmFCrPHD/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ