Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Өз құқығыңды білесіңбе балақай?»

Дата: 20.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 181
2022 жылдың мамыр айының 20 – шы жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде 12 маусым балалар еңбегін қорғау күніне орай «Өз құқығыңды білесіңбе балақай?» атты сұрақ жауап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: Балаларды қорғау мерекесін сезіну, балалық шақтарын бақытты өткізуге, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу. Балалардың бір – біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып, достыққа, бірлікке тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1207691586659099&id=100022548073225https://www.instagram.com/p/Cdxux3Er9FW/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Ұлттық қолөнер- тәрбие көзі

Дата: 20.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 61
3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында «Мерей» - қолөнер клубы жұмыс істейді. Біздің үйірмеге 2-6 сынып аралығындағы оқушылар қатысады. Құрақ құрау-мата қиындыларын іске ұқсату, кәдеге жарату және үлкен сәнділікпен матадан әр түрлі пішіндерді қиюластыра отырып келтіру. Құрақ құрау өнерінің терең мән-мағынасы бар. бүгіән біз 14 наурыз күні «Мерей»-қолөнер клубы мүшелерімен «Ұлттық қолөнер- тәрбие көзі» деген тақырыпта биылғы жылы құрақ құрауды үйренеміз. Қатырма қағаздан қиып жасаған құрақтарды матаға түсіріп, сызып аламыз да қайшымен кесіп құрақ көздерін көктейміз. Мақсаты:Оқушылардың құрақ туралы ой ұшқырлығын және білімдерін жетілдіру, құрақтың тігілу жолдарын үйрету, үнемділікке, икемділікке, ұқыптылыққа, тиянақты болуға тәрбиелеу, шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке баулу.

Адамгершілңк асыл мұрат

Дата: 20.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 57
3-ші бөлімше №7 кітапхана филиалында «Қамқорлық» жобасы жұмыс істейді. 2022 жылы 28 наурыз күні мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Адамгершілңк асыл мұрат» сторителлинг өтті. іс-шара барысында: кітапханашы К.Жұмаділқызы айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасауға, жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету.Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді деп тоқталды. Мақсаты: адамның бойына кішіпейілдік, мейрімділік, ізеттілік, сабырлылық, қасиеттерін қалыптастыру. Сонымен қатар кітап оқуға тарту және әр түрлі ақпараттық ресурстарға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатымен мүмкіндігі жектеулі жандар мен қарт оқырмандарға кітапхана қызметкерлері әр тоқсан сайын үйлеріне сұраныстағы кітаптарын жеткізіп тұрамыз.

Жаныма жақын жырлары

Дата: 20.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 70
Қазақтың аяулы ақын қыздарының бірі. Өмірдің ащы дәмін ерте татқан. Небәрі 6 жасында аяғын мертіктіріп аып, өмірінің соңына дейін соның азабын тартқан Қанипа Бұғыбаеваның туғанына 80 жыл толуына орай 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2022 жылы 25 наурыз күні «Жаныма жақын жырлары» атты кеші өтті. Іс-шара барысында кітапханашы К.Жұмаділқызы ақын апамыздың өмірі мен шығармашылығынан кең көлемде мағлұмат берді. Сонымен қатар мектеп оқушылары ақын апамыздың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. Мақсаты: Өлкеміздің ақын қызы Қанипа Бұғыбаеваның өмірі мен шығармашылығын таныстыру, өлеңдері арқылы қалам тербемеген тақырып жоқ екенін ұғындыру, поэзия сүйер қауымның бойына өлең өлкесіндегі поэзияға деген құрмет пен ризашылық сезімдерін тудыру, ақынның шығармашылығына бас иіп, өлеңдерін жаттап, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Ақын апамыздың шығармаларын талдай отырып, сөздік қорын, сөз саптау шеберліктерін дамыту, сөз тазалығын сақтауға үйрету. https://m.facebook.com/story.php?story...

Латын әліпбиіне көшу-рухани жаңғыру

Дата: 20.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 62
3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалында 2022 жылы 18 наурыз күні мектеп оқушыларының қатысуымен«Латын әліпбиіне көшу-рухани жаңғыру» атты кітап көрмесі өтті. Оқушылырға латын әліпбиі туралы, әліпбидің алғаш шығу тарихы, әлем халықтары арасында таралуы, қазақ әліпбиінің латын графикасына өтудің маңыздылығы туралы кітапханашы К.Табылдинова кеңінен түсінік берді. Мақсаты: Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында айтқан сананы жаңғырту жобаларына тоқталып, қазақ әліпбиінің латын графикасына өтудің маңыздылығы туралы кеңінен ақпарат тарату, қоғамдық пікір қалыптастыру, қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизм мен құндылықтар жүйесін иеленетін патриотты ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Іс-шараға 12 адам қатысты. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1165937870834471&id=100022548073225
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ