Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

«Ою өрнек-ежелгі өнер»

Дата: 13.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 38
2024 жылдың 13 қараша күні қалалық орталық балалар кітапханасында жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде үйірмеге қатысатын оқушыларға «Ою өрнек-ежелгі өнер» тақырыбында сабақ өтті. Мақсаты: Қазақтың ұлттық ою-өрнектерін білуге, ою түрлерін олардың қай жерлерде қолданылатынын үйрету, алған білімдерін практикамен байланыстырып, ойларын тұжырымдай білуге, үнемділікке, біткен іске талдау жасай білуге, ойлампаздыққа үйрету.

«Бос уақыт және хобби» атты іс-шара

Дата: 13.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 21
Еңбек ауылдық № 4 кітапхана филиалында 2024 жылдың 13 қараша күні «Коворкинг» орталығында кітапхана оқырмандарымен «Бос уақыт және хобби» атты іс-шара ұйымдастырылды. Коворкинг орталығы – балалардың бірлесе оқуына жағдай жасау, интеллекті ойындар ойнауға, бір-бірімен пікіралмасуға, оқыған кітаптарымен ой бөлісуге арналған орталық. Балалардың бос уақыттарын кітапханада тиімді пайдалануға шақырамыз!

«Табиғат – адамзатқа аманат!» тәрбие сағаты

Дата: 13.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 37
2024 жылдың қараша айының 13 күні сағат 12:00 де қалалық № 2 кітапхана филиалы Заң колледжінің 1 курс студентерімен «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында «Табиғат – адамзатқа аманат!» атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: жастардың экологиялық мәдениетің қалыптастыру. Отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға және жанашырлық құндылықтарды дәріптеу. Шараға 14 адам қатысты. https://www.facebook.com/share/p/hWagTrG1wkqjsViG/ https://www.instagram.com/p/DCVxCB1Ic1w/?igsh=cHFhajk0MHdteDVr https://vk.com/wall452366377_3579

Республикалық "Таза Қазақстан" акциясы

Дата: 13.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 29
2024 жылдың 13 қараша күні № 5 кітапхана филиалында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында кітапхана оқырмандары арасында насихат жұмысы жүргізілді. Шара барысында елімізде республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасын тауып жатқандығын, қоғамдағы әр азамат өз қаласы мен ауылын, ауласын таза ұстауға міндетті екендігі айтылды. Акцияның мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0YzB6UCkWrFiEZvYtNWRqqjviPkW41fF1XjhfnVTcUVvYwypJQZDTW9VYf56nczeel&id=100022548073225&__cft__[0]=AZUgVcLHGEQzwIu7LpHMzDpwUfl9pbz-2zoaGHapGOIuvKCStJlhnxTM-m-_Q-0zKyYwDsXdJ9aJX1b2WnzJaRXst_ieV9z4w9QpFfV0PCGB3g&__tn__=%2CO%2CP-R

«Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты тәрбие сағаты.

Дата: 13.11.2024 Категория: Новости Просмотры: 39
2024 жылдың 13 қараша күні сағат 11:40 - та № 8 кітапхана Учхоз (ЗВТ) филиалы «Таза Қазақстан» экологиялық акция аясында «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты тәрбие сағатын көпшілік оқырмандар арасында өткізді. Мақсаты: табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Қатысқан адам саны – 10. https://www.instagram.com/reel/DCTXyMeCcNb/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ