Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

Кітап-ғажайып әлем

Дата: 27.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 66
Халықаралық кеңестің шешімімен 1956 жылдан бастапдат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай 2 сәуір-Халықаралық балалар кітабы күні болып жарияланған. Бұл күні әлемнің түкпір-түкпіріндебалалар мен жасөспірімдер кітабы күніне орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Міне, 3-ші бөлімшедегі №7 кітапхана филиалының ұйымдастыруымен 2 сәуір- Халықаралық балалар кітабы күніне орай2022 жылы 4 сәуір күні «Кітап-ғажайып әлем» атты виртуалды көрмені назарларыңызға ұсынып отырмыз. Мақсаты: Кітап-рухани жаңғыру құралы дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру, оқурмандарға кітап оқудың қажеттілігін насихаттау. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1176920159736242&id=100022548073225

«Бақытты балалар күлкісі»

Дата: 26.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 64
2022 жылдың мамырдың 26 жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының төменгі сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде «Бақытты балалар күлкісі» атты сурет байқауы өтті. Мақсаты: Балалардың бір – біріне деген қамқор пейілдерін арттыра отырып, достыққа, бірлікке тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1211687402926184&id=100022548073225https://www.instagram.com/p/CeAjkOxt3o-/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Ғаламтордың пайдасы мен зияны

Дата: 26.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 72
2022 жылдың 26 мамыр күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Жоғарғы политехникалық колледж білімгерлерімен "Ғаламтордың пайдасы мен зияны" атты іс-шара өткізілді. Шараға Жастар ресурстық орталығының психологтары: Джумабаева Салтанат және Дұрыскелдинова Сандуғаш қатысып, білімгерлермен ғаламтор жайлы қызықты ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар ғаламтордың тұтқұлында қалмайтындай, тек пайдалы деректерді алып, зияны мен пайдасы туралы мәліметтер берілді. Мақсаты: бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты білімгерлердің білімдерін нығайту, тиянақтау, интернет туралы толық ой қалыптастыру, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу. Шараға 20 адам қатысты

«Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»

Дата: 24.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 145
Биыл ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын, аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист, реформатор, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай және де «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында 2022 жылдың мамыр айының 24 – де қалалық орталық балалар кітапханасы «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы» атты ақпараттық сағатын ұйымдастырды. Мақсаты: Оқушыларға Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық еңбегімен өмірбаянымен таныстыру. Шара барысында кітапханашы М.Сапбек оқырмандарға ақынның өмір жолымен шығармашылығымен таныстырып, кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Сонымен қатар балалар ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. Шараға 16 оқырман қатысты. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1210411413053783&id=100022548073225https://www.instagram.com/p/Cd7zn1NNU81/?igshid=YmMyMTA2M2...

3Д кітаптарына шолу

Дата: 24.05.2022 Категория: Новости Просмотры: 54
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында балалар жылы аясында балаларға арналған жаңа түскен әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалып отырады. Кітаптардың ішіндегі «Қазақ жерін мекендеген алып жануарлар», «Удивительные динозавры планеты» атты 3Д анимациялық виртуалды кітаптар балаларды қызығушылықпен қарайды. Сонымен қатар Р.Стивенсонның «Қазына аралы», О.Асқардың «Балалар әлемі», «Балаларға қазына» үш томдық кітабы т.б оқырмандар сұранысына ие.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ