Знаменательные даты

< >

Опросы

Посещает ли Ваш ребенок библиотеку?

Да
Нет
Хочет записаться


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 256

"Балалар-біздің болашағымыз"

Дата: 01.06.2022 Категория: Новости Просмотры: 68
Адамзаттың өмірдегі қымбаттысы , көз қуанышы – бала . Бала – дербес тұлға. Оның бойындағы табиғи қасиеттер, адамгершілік құндылықтары отбасында, мектепте, әлеуметтік ортада нәрленеді, толысып, әрленеді. Осы орайда 2022 жылдың 1 маусым күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының оқу залында Халықаралық балалар күніне орай кітапхананың оқырмандарымен «Балалар – біздің болашағымыз» атты бук-травел өткізілді. Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой — өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру. Шараға 20 адам қатысты.

"Өмір гүлі балалар"

Дата: 01.06.2022 Категория: Новости Просмотры: 67
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 1 маусым балаларды қорғау күніне орай «Өмір гүлі балалар» атты шара кітапхананың жас оқырмандарымен өтті. Шара барысында балалармен сананы қуаттандыратын логикалық сұрақ-жауап ойынымен қоса ұлттық ойындар; «Ақсерек-көксерек», «Түйілген ормал», «Асау мәстек» т.б. ойындарын ойнату арқылы халқымыздың ұлттық мәдениетімен таныстыру негізге алынып, түрлі викториналық сұрақтар қойылды. Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Жас оқырмандардың білімділікке, зеректікке, ізденімпаздыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу. Өз ойларын айта білуге, өз көзқарастарын, ойтолғауларын жеткізе білуге бағыт беру, белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1215830449178546&id=100022548073225&__cft__[0]=AZXfaCuybe4Zw2NncR3JxGXII18jCxJiQ-VnyQuqktg9tsrHaX-Yd_C5W9Kmhb1CuzJxuiwffXbnAzz...

"Ұмытылмас тағдырлар"

Дата: 01.06.2022 Категория: Новости Просмотры: 71
Өтенай аулыдық №5 кітапхана филиалында 31 мамыр саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 31 мамыр күні кітапхана оқырмандарымен «Ұмытылмас тағдырлар» атты ақпарат сағаты өтті. Мақсаты: Нәубет жылының жазықсыз құрбандары болған саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алып, олардың рухына тағызым ету. Оқырмандарға «Халқым деп қасірет шеккендер» атты шағын баяндама оқылды. Баяндама барысында оқырмандар тарих беттерінен, сонау зұлмат жылдар естелігінен хабардар ететін мағлұматтармен танысты. https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1215287589232832&id=100022548073225&__cft__[0]=AZUDxlHhr-qw5YItFV6unT3Da6ySittpjkJQTsSEaniDMIDpJffx5onEnr48QRpPvUw4JkzWXR5tOf6AWok07xFJkno8afP8eCpfJ5yZcZiHzA&__tn__=%2CO%2CP-R

«Сиқырлы қаймақ»

Дата: 01.06.2022 Категория: Новости Просмотры: 60
2022 жылдың маусым айының 1 жұлдызында «1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай қалалық орталық балалар кітапханасы балаларды атаулы мерекемен құттықтап «Ертегіші» клубының «Сиқырлы қаймақ» атты қойылымын ұсынады. Мақсаты: «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1215829842511940&id=100022548073225https://www.instagram.com/tv/CeQESBegzOE/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

"Кітапханаға кітап сыйла" акциясы

Дата: 01.06.2022 Категория: Новости Просмотры: 58
Кітап оқу мәдениетін көтеру, кітапханаға оқырмандар тарту мақсатында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында кітапхана оқырманы, ауыл тұрғыны Рахимова Гүлсұлу Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалына төмендегі кітаптарды тарту етті. Аркадий Гайдар.Собрание сочинений в четырех томах. Том 2 Анна Зегерс . Транзит. Томас Манн. Иосиф и енг братья.Том -2 Астафьев Виктор. Зрячий посох. Каледин Сергей. Шабашка Глеба Богдышева. Марьямов Александр. За двенадцатью морями https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=1215277369233854&id=100022548073225&__cft__[0]=AZV2haJ9hzc3CabUTI9udlUooXES60qu4Af7_kVeQq_xWRgkJNZEMDKdMR9gFPs7ifP6fBma_SPK3In3TigNHxDCyOgsfQ5ZfgccpVAL7pr5Ow&__tn__=%2CO*F
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ