Знаменательные даты

< >

Опросы

Как Вы оцениваете работу ЦБС?

Отлично
Хорошо
Удовлетворительно


Результаты
Другие опросы

Всего проголосовало: 300

«Елорда – бақыт мекені»

Дата: 08.07.2022 Категория: Новости Просмотры: 110
2022 жылдың 5 шілде күні қалалық орталық балалар кітапханасында 6 – шы шілде Астана күніне орай № 6 орта мектептің күндізгі лагерь оқушыларымен «Елорда – бақыт мекені» атты кітап көрмесіне шолу өткізілді. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0Dkf3V8Wno9X1VeSYAHXc9tmmtVor5j1c5gT82koLLiD95qEQGRYVurfNYr9oR8mil&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CfnsxultzZr/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Астана - тәуелсіз еліміздің бойтұмары

Дата: 05.07.2022 Категория: Новости Просмотры: 87
2022 жылдың 5 шілде күні В.Маяковский атындағы қалалық орталық кітапханасының қызметкері Е.Солтанбек 6 шілде Астана күніне орай Талдықорған қаласының №42 балабақшасындағы «Алау» тобының балаларына «Астана-тәуелсіз еліміздің бойтұмары» атты кітап көрмесін таныстырды. Мақсаты: оқырмандарды Астана қаласының тарихымен, шежіресімен таныстырып, ізденіске, шығармашылыққа баулу. Астана туралы деректермен білімін дамыту. Отанға деген сүйіспеншілігі мол елжанды азамат тәрбиелеу. Көрмеге А. Мұқибекұлының «Ұлылық пен мәңгілік», Қ. Олжайдың «Президент пырағы», Р.Ниязбектің «Айбозым менің», «Астана 20 жылдық шежіресі», Астананың 20 жылдығына 3 тілде шығарылған «Жан жүрегім Астана» атты фотоальбом кітаптары қойылды.

"Арудай сұлу-Елордам"

Дата: 05.07.2022 Категория: Новости Просмотры: 88
Өтенай ауылдық №5 кітапхана филиалында 6-шілде Елорда күніне орай «Арудай сұлу - Елордам» атты пікір алмасу өтті. Мақсаты: «Астанаға саяхат» Елорданың көрікті жерлерінің суреттерімен таныстыру.

«Домбыра қазағымның қазынасы»

Дата: 04.07.2022 Категория: Новости Просмотры: 90
Шілде айының 1 күні қазақстандықтар Ұлттық домбыра күнін атап өтеді. Домбыра – қазақ елінің көнекөз шежіресі, ұлттық кодымыздың айнымас бөлігі. Атаулы мерекеге орай 2022 жылдың шілде айының 1 жұлдызында «Рухани жаңғыру бағдарламасы бойынша» қалалық орталық балалар кітапханасында № 8 орта мектептің күндізгі лагерь оқушыларымен бірге «Домбыра қазағымның қазынасы» атты сторителлинг ұйымдастырылды. Мақсаты: Балалардың ой ұшқырлығын шыңдап, ата бабадан кәсіп болған дәстүрлі домбыраға қызғушылық сезімін оятып және өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыру. https://m.facebook.com/story.phpstory_fbid=pfbid0ZrFgz2bt64RC3c2RQquwVpupaMxKTsKt2v7GvpxwhPYHKEqgJb9vyTr83ETz6WpXl&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CfdMMgtKXQO/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

«Қазақтың бұлбұлы»

Дата: 04.07.2022 Категория: Новости Просмотры: 74
2022 жылдың маусым айының 28 жұлдызында қалалық орталық балалар кітапханасының жоғарғы сынып оқушыларына қызмет көрсету бөлімінде КСРО халық әртісі атағына ие болған, асқақ артистік дарынымен ұлттық опера өнері тарихының төрінен орын алған, халық сүйіспеншілігіне бөленген, қазақтың бұлбұлы атанған Күляш Бәйсейітова апамыздың 110 жыл толуына орай № 2 орта мектептің күндізгі лагерь оқушыларымен бірге «Қазақтың бұлбұлы» атты музыкалық вернисаж өткізді. Мақсаты: Оқырмандарымызға әйгілі әнші Күляш апамыздың өмірі мен өнері жайлы толығырақ мағлұмат беру. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid0epMFPRxFHgV5gMBmJeR937SDU7KmUqT8pJW2zH8WLMFMQBXzyCprA4i5PAqeUQGNl&id=100022548073225 https://www.instagram.com/p/CfVprj5No7b/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
ZERO.KZ